Untitled Document

Ғибратты оқиға... Халифаны жылатқан сахаба (1)

Хазіреті Омар (радиаллаһу анһ) өзінің халифалық кезеңінде Химс қаласының беделді азаматтарына арнап хат жазады. Ол хатта халифа айналасындағы кедейлердің хал-жағдайларын білдіруін сұрап, өз тарапынан жәрдемдесетіндігін жеткізеді. Халифаның хатына жауап ретінде химстықтар Шам қаласының және айналасында тұратын кедейлердің мұң-мұқтаждарын, талап-тілектерін қағазға түсіріп, мұсылмандардың әміршісі хазреті Омарға жібереді.

Хазіреті Омар (радиаллаһу анһ) қолындағы хаттан жағдайы жоқ, тұрмысы төмен кедейлер тізімінің ең басында қала әкімі болып тағайындалған Сад бин Амрдың (радиаллаһу анһ) есімін көреді. Сосын хатты жеткізгендерден қала әкімінің хал-жағдайын сұрай бастады. Олар ақиқатты айтып, былай десті:

- Әкіміміз шынында кедей кісі. Ол кісі парақорлық болып кетер деген қорқынышпен біздің ұсынған азғантай сыйлығымызды да еш қабыл етпейтін жан.

Әкімнің бұл іс-әрекеті халифа көңілінен шықты. Дегенмен, әлгі кісілер сөздерін жалғастырып, әкімдерінен шағымданатын жағдайлары бар екенін және кейбір әрекеттеріне көңілдері толмайтындығын айтады:

- Аллаһтан қатты қорқатын әкіміміздің көңілімізге жақпайтын жағы да бар. Біріншіден, әкіміміз өзінің тиесілі қызметіне күнделікті таң намазынан кейін бастау қажет болса да, ол кісі одан ерте күн шықпастан келіп алады. Екіншіден, әкімімізді кеш қараңғылығында арамыздан көрмейміз. Ол өзімен-өзі үйінде болып, кешкісін халықпен тығыз қарым-қатынас жасамайды. Үшіншіден, аптасына бір мәрте үйінен сыртқа шықпай қояды. Есігін іліп алып, іште болса да бар-жоғын білдірерліктей дауысын шығармайды. Төртіншіден, ол кісінің басынан кешкен бір оқиғасы бар. Сол оқиға есіне түсіп кетсе, дереу талып қалады. Оның қайғысынан сырқаттанып қала береді. Бұл оқиға сахабалардың бірі болған Хубайбтың өлімі еді, – дейді.

жалғасы ертең...