Untitled Document

Сіз білесіз бе? Ми туралы 10 дерек (2)

7. Ми оттегісіз немесе глюкозасыз өмір сүре алмайды

Жүйке жасушалары жұмыс істеуі және өмір сүруі үшін осы екі затты қажет етеді. Егер ми 3-5 минут ішінде жеткілікті мөлшерде оттегі немесе глюкоза алмаса, қайтымсыз зақым пайда болады. Ми жасушаларында әлі де оттегі мен глюкоза бар болса да, ол бірнеше минут бойы өлмейді.

 

8. Мидың әртүрлі бөліктері әртүрлі функцияларға жауап береді

Мидың бір бөлігін алып тастаса, адамның санасына не болатынын ойлап көрдіңіз бе? Белгілі бір бөліктердің резекциясы (дене мүшесінің ауруға шалдыққан бөлігін кесіп алып тастау) мидың кейбір функцияларының жоғалуымен бірге жүреді, өйткені оның әртүрлі бөліктері, шын мәнінде, қолдардағы қозғалыстардан бастап сөйлеуге дейін әртүрлі функцияларға жауап береді.

 

9. Мидың үнсіз аймақтары бар

Шынында да, маңызды функцияларға жауап бермейтін мидың «үнсіз» аймақтары бар. Тек бір қарағанда, бұл аймақтарды резекциялаудан кейін біз адам функцияларын жоғалтпайтын сияқтымыз. Іс жүзінде бос аймақтар жоқ, мидың барлық бөліктері әртүрлі дәрежеде белсенді.

 

10. Біз миымызды 100% қолданамыз ба?.

Аталған фактілердің бәріне қарамастан адам миы тек 9% жұмыс істейді деген рас па? Кейбір адамдар мен ғалымдар, тіпті Альберт Эйнштейн де біз миымыздың 9% пайдаланамыз деп есептейді. Ал кейбір ғалымдар бұл миф деп мәлімдейді, өйткені ми тәулік бойы 100% жұмыс жасайды және біз ұйықтап жатқанда да өмір бойы функционалды белсенділікте болады. Бірақ, егер біз интеллектуалды-мнестикалық сипаттамалар (психикалық) туралы айтатын болсақ, онда бұл жеке және ми өрістерінің дамуына байланысты. Адам өзінің интеллектуалдық қабілеттерін дамыту үшін неғұрлым көп жұмыс істесе, соғұрлым ол мидың мүмкіндіктерін пайдалана алады.