Untitled Document

Әдеп-ахлақ ... Жүрекпен жасалынатын күнәлар

Әрқашан үйінде отыратын немесе ауру болып сыртқа шыға алмайтын адам күнә жасамайды деп ойлаймыз. Негізі жүрекпен жасалынатын 60-тан аса күнәлар бар. Мысалыға:

Тули амал – рахаттану үшін ұзақ өмір сүруді қалау. Тули амалдың себептері: дүние ләззаттарына берілу, өлімді ұмыту және денсаулығы мен жастық шағына алдану. Тули амал ауыруына шалдыққан адам ғибадаттарын уақытында жасамайды және тәубе етпейді. Жүрегі қарайған болып, оған насихат та әсер етпейді. Өлімді ұмытады. Бүкіл өмірін дүние байлығына, жоғары лауазымға қол жеткізу үшін, ахыретін ұмытып, дүниенің пайдасыз ләззаттарын ойлаумен өткізеді. Бұлардан құтылу үшін өлімнің кез келген сәтте келуі мүмкін екендігін ойлап, ал денсаулық пен жастық шақтың өлімге кедергі еместігін ұмытпау керек! Қаншама аурулардың жазылып өмір сүргені, қаншама мықты-мықты адамдардың өліп жатқаны көп көріледі. Хадис шәрифтерде айтылған: «Адам  қартайған сайын мал-мүлікке деген қызығушылығы мен тули амалы жасара түседі».  (Муслим).

«Жәннатты қалаған адам ұзын амалды болмасын, өлімді ұмытпасын!».  (И. Ә. Дүния).

Тәкәппарлық өзін бір немесе бірнеше жағынан қарағанда басқалардан жоғары санауы. Жанына біреудің отыруын қаламау, дұрыс сөзді қабылдамау, кемшілігін айтқанға рахмет айтпау және тек бай адамдардың шақыруына ғана бару тәкәппарлық белгілері болып саналады. Тәкәппар адам салих бола алмайды. тәкәппарлық – барлық жақсылықтарға кедергі болады. Құран кәрімде: «Аллаһ тәкәппар адамдарды жақсы көрмейді» делінеді. (Нахл 23).