Untitled Document

Сұхбат... Силсилә-и алия деген не?

Сұрақ: «Силсилә-и алия деген не?

Жауап: Силсилә сөзі «Бір-біріне байланған, бір-біріне қатысты нәрселерді ұластырушы тізбек, шынжыр, рет» деген мағынаны береді. Мүршиди кәміл, яғни ғалым немесе әулие болған адамдар жетілдірген және өзгелерді де жетілдіре алатындай жағдайға келген шәкірттеріне халифалық және ижазат береді. Кейін олар да шәкірт жетілдіріп, жетілген шәкірттеріне осылай ижазат береді. Осылайша ғалымдардың шежіресі пайда болады. Бұл шежіре пайғамбарымызға дейін ұласады.

Бахауддин Бұхари, Имам Раббани, Мәулана Халид Бағдади сияқты тұлғалардан құралған шежіре «Силсилә-и алия», яғни ұлы шежіре деп аталады. «Силсиләт-уз-зәһәб», яғни алтын шежіре де делінеді.

Ислам ғалымы жерден шөп сияқты, қозықұйрық сияқты өсіп шықпайды. Ұстазсыз, ижазатсыз ғалым болмайды. Міндетті түрде Расулуллаһқа сүйенетін бір шежіресі болу керек. Мысалы Имам Раббани және Абдулқадир Гейлани хазрет сияқты әрбір Әһли сүннет ғалымының пайғамбарымызға дейінгі барлық ұстаздары белгілі. Тек қана осындай бір әулиеге байланып, Оның кітаптарын оқу керек. Жазғандары дұрыс болса да, алдынан шыққан кездейсоқ адамдардың кітаптарын оқи беруге болмайды. Ондай ғалым таба алмаған адам шежіресі белгілі және ижазаты бар болған ғалымның кітаптарын оқып, оны өзіне ұстаз, жол көрсетуші ретінде қабылдау керек.

Қазіргі заманда силсиләлердің әр түрлі болуы болса, ұстаздары ижазат бермеген болса да жол құрып кетуінен туындады. Имам Раббани хазрет төрт ғасыр бұрын былай деді: «Осы ұлы жолдың жолаушылары ғаріп болды, азайды. Қазіргі тариқатшылардың жолына бидғаттар араласқандықтан және жолы бұзылғандықтан, Расулуллаһтың сүннетін ұстануға берілген әулиелерді ешкім танымайтын болып қалды. Осы танымаушылықтың кесірінен, көбі ұзақты көре алмайтын қысқа ойлы болғандықтан, осы ұлы жолға бидғаттар араластырды. Осы бидғаттар арқылы халықтың көңілінен шығуға тырысты. Осы тірліктерімен Ислам дінін дамытып жатырмыз деп ойлады. Олар бұл ұлы жолды құлатуға тырысып жатыр». (2/62)

Силсилә-и алия туралы мәлімет www.islamdini.kz сайтының «Ислам ғұламалары» бөлімінде кеңірек жазылған!