Ғибрат… Дәретсіз жер баспаған Хан
Абдулхамид хан – тақуалықпен өмір сүрген тарихи тұлға. Шұғыл мәселе болған кезде ол өзінің түннің кез келген уақытында оятуын қалаған және маңызды мәселені келесі күнге қалдыруға келіспейтін. Осыған байланысты бас хатшысы Асхат бей өз естеліктерінде мынаны айтады:
«Бір күні мен өте маңызды жаңалыққа қол қою үшін Сұлтанның есігін қақтым. Бірақ ол ашылмады. Біраз күткеннен кейін мен есікті қайта қақтым, ол қайта ашпады. «Мұны Сұлтан қайтыс болғаны ма? - деп ойладым. Мен қатты алаңдаулы едім. Сәл тұрып есікті қайта қаққанымда, қолында сүлгісі бар Сұлтан есікті ашты. Оның беті судан құрғап бара жатты. Ол күлді де:
- Мен сенің өте маңызды жұмыс үшін келгеніңді түсіндім. Есікті алғаш қаққаныңда ояндым, бірақ дәрет аламын деп кешігіп келдім. Осы уақытқа дейін мен өз елімнің ешбір құжатына дәретсіз қол қойған емеспін. Әкел, мен қол қояйын – деп «Бисмилләһ» айтып қол қойды».
Абдулхамид ханның әйелі оның осы тақуалығы туралы былай дейді: «Абдулхамид хан әрқашан төсегінің жанында таза кірпіш ұстайтын. Ол төсектен тұрғанда жуынатын бөлмеге барғанша дәретсіз жер баспау үшін кірпішпен тәйәммум жасайтын. Бірде мен мұның себебін сұрағанымда, Ол:
- Мен мұсылмандардың халифасы ретінде жерді дәретсіз бассам, халқым ғұсылсыз жүре ме деп қорқамын. Егер біз сүннет шараларына мән бермесек, Мұхаммед алейһиссаламның үмметі одан зардап шегеді, - деп жауап берген еді».