Күннің тарихы... Бәрат түні
Бәрат түні – Шабан айының 15-ші түні. Құран кәрім Ләухул махфузға осы түні түсті. Аллаһу та’ала бұрын ешнәрсе жаратпастан бұрын жарататын нәрселерінің барлығын қалады. Олардың бір жыл ішінде болатындарын осы түні періштелерге білдірді. Бұл түн рақымдылық есіктері ашылып, дұғалар қабыл болатын төрт түннің бірі. Расулуллаһ бұл түні көп ғибадат жасап, дұға оқитын. «Аллаһуммәрзуқнә қалбән тақийән минәш-ширки бәрийән лә кафирән уә шақийән» дұғасын көп оқитын еді (Риад-ун-Насихин). Шабан айында ораза тұту үлкен сауапты іс.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Шабан айы өте қасиетті ай, адамдар бұл айдың үстемдігінен ғафыл (хабарсыз). Бұл айда құлдардың амалы Аллаһу та’аланың дәргейіне шығарылады. Мен ораза тұтқан күйімде амалдарымның шығарылуын қалаймын.» (Нәсаи)
«Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – Шабан айында тұтылатын ораза.» (Тирмизи)
«Шабанның он бесінші түні келгенде, түнін ғибадатпен, күндізін оразамен өткізіңдер. Ол түні Аллаһу та’ала айтады: "Кешірілгісі келетін адам жоқ па, күнәларын кешірейін? Ризық сұрайтын адам жоқ па, ризық берейін? Дертке дауа іздеген адам жоқ па, денсаулық берейін? Кім не қаласа, соны берейін". Бұл жағдай таң атқанға дейін жалғасады.» (Ибн Мажә)
«Бұл түні көктердің есіктері ашылады, періштелер мұсылмандарға сүйінші айтады, ғибадатқа шақырады. Бәрат түнінде көп ғибадат жасаңдар! Әйтпесе қияметте өкінесіңдер.» (Нәсаи, Бәйһақи, А.Мунзири)
«Бұл түні мұсылман туысымен байланысын үзгендер, өзін жоғары санағандар және ата-анасына қарсы шыққандар кешірілмейді.»(Бәйһақи)
«Жәбірейіл алейһиссалам маған келді. "Тұр, намаз оқы және дұға ет. Бұл түн – Шабанның он бесінші түні" – деді. Бұл түнді ғибадатпен өткізгендерді Аллаһу та’ала кешіреді. Тек мүшриктерді, сиқыршыларды, палшыларды, сараңдарды, кекшілдерді, мүшахиндерді (бидғатшыларды), ішкілік ішетіндерді, өсім беретіндерді және зинақорлық жасайтындарды кешірмейді». (Табарани)