Untitled Document

Сұхбат... Марқұмға «Ясин» сүресі оқылса, азабы жеңілдейді

Құнды діни кітаптардың барлығында «Өліге арнап жасалған ғибадаттың, қайырымдылықтың, оқылған Құранның, салауаттың, тәсбихтардың сауабы, етілген дұғалар өліге барады» делінеді.

Өліге арнап Құран кәрім, салауат, тәсбих оқып сауабын бағыштауға, дұға етуге, құрбандық шалуға, оның атынан нәпіл қажылыққа баруға, садақа беруге, мешіт, мектеп салу секілді қайырымдылықтың сауабын бағыштауға болады. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Өлі қабірінде теңізге құлап, батып бара жатқанда көмек сұрап айқайлаған адамға ұқсайды. Батып бара жатқан адам кім құтқарады екен деп біреуді күткеніндей өлі де ата-анасы, бауыры, достарынан келетін дұғаны күтеді. Оған дұға келгенде дүниеге және дүниедегілердің барлығына қауышудан да көбірек қуанады. Аллаһу та'ала өмір сүріп жатқандардың дұғаларының себебімен өлілерге таудай рақымдылығын береді. Тірілердің өлілерге сыйлығы – олар үшін дұға мен истиғфар ету». (Дәйләми).

Өліге Құран оқылғанда оның сауабы көбейеді. Өлі өте күнәһар болып, азабы ауыр болса, Құран оқылғанда оның азабы жеңілдейді. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Өліге Ясин сүресі оқылса, азабы жеңілдейді». (Дәйләми).

«Ата-анасының немесе біреудің қабірін әр жұма күні зиярат етіп, «Ясин» сүресін оқыған адамға Аллаһ Ясиндегі әрбір әріп санындай кешірім танытады». (И.Рафии).

«Кімде-кім мазардың қасынан өткенде он бір рет «Ихлас» сүресін оқып, сауабын өлілерге бағыштаса, оған өлілердің санындай сауап беріледі». (Әтфал-ул мүслимин Имам Биргиуи).