Untitled Document

Сіз білесіз бе? Ислам ғұламаларын Аналары қалай тәрбиелеген? (1)

Имам Маликтың анасы. Ол ұлын білім алсын деп ұстаздарға берді. Ең жақсы киімін кигізіп, сәлдесін орап, содан кейін оны ғалымдардың сабағына жіберетін. Ол ұлының тек сыртқы келбетін ғана емес, ғалымдардан не үйренетіні жайлы да ойланды. Ол баласына Рабиаға барып, басқа ілімдерден бұрын, ахлақты (этиканы) үйрен деді. Имам Малик Нұрланған Мединаның өте білімді муфтиі, ислам үмметінің ең ірі ғалымдарының бірі болды.

Имам Шафиидың анасы (әкесі ерте қайтыс болған). Ал баласының бар тәрбиесі анасының қолында еді. Ол өте ақылды әрі діни сауатты әйел болған. Сондықтан ол баласын дұрыстап тәрбиелеуге және оны тура жолға бағыттауға барынша тырысты. Бала екі жасқа толғанда олар Газадан Мединаға қоныс аударады. Себебі Медина рухани және ғылыми орталық, айнала шөл дала болды. Сол жерде бала өз тілін жетілдіре алатын еді. Имам Шафии анасының лайықты еңбегінің нәтижесінде үлкен фақиһ, білікті ақын және ислам имамдарының бірі болды.

Имам Ахмед бин Ханбалдың анасы. Олар кедей шаруа отбасы еді. Әкесі ерте қайтыс болып, тәрбиесімен анасы айналысқан. Имам Ахмед анасы туралы былай дейді: «Менің анам маған Құран үйретті, он жасымда оны толық жаттадым. Ол мені таңғы намазға оятып, маған жуынуға су жылытып киіндіретін. Өзі де киініп, менімен мешітке баратын, мешіт үйден ұзақтау еді. Мен он алтыда болғанда анам маған:  «Хадис жинау үшін жолға шық, себебі хадисті іздейтін жол – жалғыз Аллаһқа қоныс аудару», - деді. Ол мені жол жүруге дайындап, жол азыққа он тандыр нан, жанына бір шөкім тұз салды да, былай деді: «Әй, балам! Расында кімде-кім сақтағанын Аллаһқа тапсырса, Ол оны ешқашан жоғалтпайды. Мен сені ештеңені жоғалтпайтын Жаратқанға тапсырамын», - деді. Ол ұлы мухаддис, фақиһ, сүннет имамдарының бірі болды.