Untitled Document

Сұхбат... Айша (радиаллаһу анһа)

Расулуллаһтың әйелі, хазреті Әбу Бәкір Сыддықтың қызы.

Хадиша анамыз қайтыс болғаннан кейін бір жылдан кейін некеленді. Ақылы, зейіні, ары мен тақуалығы өте күшті болған. Әдебиет білімі өте қуатты еді. Расулуллаһ оны жақсы көретін және көп мақтайтын. Некесі Аллаһу Та’аланың бұйрығымен жасалды. Аятпен мадақталды. Сахабалар қиын мәселелерін шешу үшін оған өтініш жасайтын. Хазреті Айшаның артықшылығы мен ізгілігін көрсететін көптеген хадистер бар. Мысалы:

«Айша – жұмақта да менің әйелім».

«Йа, Айша! Аллаһу Та’ала саған жақсылық берсін. Мені қуантқаныңдай сені де қуантамын».

Пайғамбарымыздан «Ең көп кімді жақсы көресіз?» деп сұрағанда, «Айшаны» деген. «Ер адамдардан кімді жақсы көресіз?» дегенде «Айшаның әкесін» деген.

Хижрадан 8 жыл бұрын туылып, хижраның 57- жылы Мәдинада дүние салды.

Айша (радиаллаһу анһа) айтады: «Сахабалар пайғамбарымызға сыйлықтарын менің үйімде болған кезінде әкелетін. Осылайша Расулуллаһтың көңілінен шығуды қалайтын», «Расулуллаһтың әйелдері екі топқа бөлінетін. Бірінші топқа мен, Хафса, Сафия және Савда кіретінбіз. Екінші топқа Умму Саләмә және қалған әйелдер кіретін. Екінші топтағы әйелдер Умму Саләмәні Расулуллаһқа жіберіп, пайғамбарымыз сахабаларына «Сыйлық бергісі келген адам Мен қай үйімде болсам, сол жерге әкелсін» деп айтсыншы дейді. Умму Саләмә осыны айтқанда «Мені ренжітпеңдер. Маған періште уаһиды тек Айшаның үйінде болған кезімде әкеледі» дейді. Умму Саләмә: «Ей Расулуллаһ! Сізді ренжітіп қоюдан Аллаһқа сыйынамын. Тәубе еттім» деді. Ол әйелдер кейін хазреті Фатиманы да сол өтінішпен жіберді. Сонда: «Ей, қызым менің жақсы көргенімді (Айшаны) сен де жақсы көрмейсің бе?» дейді. Фатима (радиаллаһу анһа) «Иә» деп жауап береді. Пайғамбарымыз: «Олай болса оны жақсы көр» деп бұйырды».