Untitled Document

Әңгіме... Өртенген банк

Атақты режиссер Станиславский бірде оқушыларына тапсырма беріпті.

- Сендердің ақшаларың сақтаулы «Император банкі» өртеніп жатыр, соны этюд қылып көрсетіңдер.

Содан студенттердің бірі ойбайлап, бірі шелекпен су тасып, бірі шашын жұлып жатыр, тағы бірі талып құлап жатқан образдарды көрсетеді. Тек Василий Иванович Качалов қана бір аяғын екінші аяғының үстіне қойып жайбарақат отырған көрінеді. Станиславский айқайлап: - Качалов! Сен неге көрініске қатыспай отырсың?

- Қатысып отырмын, Константн Сергеевич.

- Онда неге банк өртеніп жатқанда жайбарақат отырсың?

- Менің Император банкінде ақшам жоқ есесіне несием бар, - деген екен.

Бесік күзеткен мысық

1421 жылы Нидерландыда алапат су тасқыны болып, көп адам шығыны болады.

Тасқын қайтқан соң бірде адамдар су бетімен ағып келе жатқан бесікті байқайды. Жақындағанда қараса бесікте сәби жатыр. Жанында мысық күзетіп отыр. Бесікті жағаға шығарса, сәби тірі екен. Бесіктің неше уақыт аққаны белгісіз, бірақ сәби де, мысық та қатты әлсіреген. Толқындар бесікті төңкеріп тастамас үшін, мысық бесіктің екі жағына кезектесіп секіріп отырғанын адамдар бесіктегі мысық іздерінен байқапты.