Сіз білесіз бе?! Айя София туралы деректер (1)
♦ 360 жылы Византия императоры Константин негізін қалаған шіркеудің ағаш шатыры 404 жылы жанып кетті. Кейін қалпына келтірілді.
♦Византия императоры Юстиниан І-нің бұйрығымен 532-537 жылдар аралығында шіркеу қазіргі көрінісіндегідей етіп қайта салынды.
♦ Византия сәулетшісі Исидор Милетский және математик Антемий Тралльский шіркеудің құрылысына жауапты етіп бекітілді. Сол уақытта айтулы шіркеу епископиялық орталық болып Византия империясы үшін маңызды еді. Құрылысқа 10 000-нан астам жұмысшы тартылды.
♦ Шіркеудің құрылысы 5 жыл 10 айға созылды, сол кездегі Византия тарихшылары бұл әлемдегі ең үлкен ғимарат деп жазды.
♦ Шіркеу ішіндегі мозаика 565 - 578 жылдар аралығында салынды.
♦ 1204 жылға дейін Айя София бірнеше жер сілкінісі мен өрттен аман қалып, қайта қалпына келтірілді.
♦ 1204 жылы шығысқа жорыққа шыққан крестшілердің қолына өткен шіркеу 1261 жылға қарай Рим-католик шіркеуіне айналды.
♦Византиялықтар 1261 жылы Константинопольды қайта жаулап алып, ғибадатхана қайтадан православ шіркеуіне айналды.
Республика кезінде не өзгерді?
♦ 1923 жылы республика жарияланғаннан кейін мешіт ретінде пайдаланылған Айя София 1931 жылы жабылды.
♦ 1931 жылы Америкадағы Византия институтының негізін қалаушы археолог Томас Уиттемор Түркияның жаңа үкіметінен Айя Софиядағы мозайкаларды қалпына келтіруге рұқсат сұрады.
♦Сол уақытта президент болған Мұстафа Кемалдың рұқсатымен басталған жұмыс 15 жылға созылып, 1947 жылы аяқталды.
♦ Түркияда жаңару басталғаннан кейін көп ұзамай жабылған Айя София Министрлер Кеңесінің 1934 жылғы 24 қарашадағы шешімімен мұражай ретінде ашылды.