Сіз білесіз бе?! Айя София туралы деректер (2)
Айя София қалай мешіт болды?
♦ Осман сұлтаны Фатих Сұлтан Мехмет 1453 жылы 29 мамырда Ыстамбұлды жаулап алғанда, Айя София жараланған византия сарбаздарына, әйелдер мен балаларға пана болды.
♦ Ыстамбұл Осман империясының иелігіне өткеннен кейін де бірнеше күн бойы Православие шіркеуінің мүшелері Айя Софияда дұға етуді жалғастырды.
♦ 1453 жылы 1 маусымда Ыстамбұлда алғашқы жұма намазын оқыған Фатих Сұлтан Махмұд Айя Софияны мешіт деп жариялады. Ғимарат мешітке айналдырылды.
♦ 1481 жылы алғашқы мұнара салынды.
♦ Екінші мұнара Фатих Сұлтан Мехметтің орнына келген II Сұлтан Баязидтің кезінде салынды.
♦ 1509 жылы Ыстамбұлдағы жер сілкінісі нәтижесінде алғашқы мұнара құлап, орнына кірпіш мұнарасы тұрғызылды.
♦ Сұлтан Сәлім II-нің кезінде сәулетші Синан жүргізген күрделі жөндеу кезінде тағы екі мұнара салынды. Сондықтан әртүрлі уақытта салынған Айя Софияның 4 мұнарасы бір-бірінен ерекшеленеді.
♦ Сәлім II-нің қабірі Айя Софиядағы алғашқы сұлтанның қабірі. Айя Софияда сұлтандардың, олардың әйелдері мен ханзадалардың 43 қабірі бар. Олардың қатарында III Сұлтан Мұрад, III Сұлтан Махмұд, Сафия Сұлтан және Нұрбану сұлтан бар.
♦ Айя София 1616 жылы Сұлтан Ахмад мешіті салынғанға дейін Осман мемлекетіндегі ең үлкен және маңызды мешіт болып саналды.
♦ 1739 жылы мешітке медресе, кітапхана және ас үй қосылды.
♦ Айя София 1847-1849 жылдары жөндеуден өткен.
♦ Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған 2020 жылдың 10 шілде күні Айя Софияның қайта мешіт болуы туралы жарлыққа қол қойып, тура екі аптадан кейін, яғни 24 шілдеде Айя Софияда алғашқы жұма намазы оқылды.