Untitled Document

Әңгіме... Алғашқы оразам (2)

— Мұсылманның қуанатын уақыты және орыны осы жерден басталады, — деді басқарушы періште баршаға жария түрде. Және жәннәттық кісіні құттықтады, — Аллаһтың сыйы мүбәрәк болсын, йа, мүмин пенде!

Қақпадан екінші кісі шықты. Орындаушы періште амалын оқыды:

— Кедейге қарыз берген. Сол сәтте Ухуд тауы көлеміндей үлкен бір ыдыс сауапқа толды.

— Үш кедейдің қарызын кешкен. Оның сауабы өте жоғары дәрежеге көтерілді. Көкте таралған нұрдан күміс түсті жол пайда болды. Тағыда сол үн: — Дереу Дарул хулуд жәннәтына кіргізіңдер. "Әлхамдулилләһ", — деді жәннәттық. Барлық періштелерде Аллаһқа мадақ айтты. Содан соң амал дәптерлері оқылған бірнеше мүминдерді періштелер алтыннан пайда болған жолмен Жәннәтул аднаға, күмістен пайда болған жолмен Жәннәтул мәуаға, нұрдан пайда болған жолмен Дарул муқамаға алып кетті. Орындаушы періште келесі мүминнің амал дәптерін оқи бастады:

— Білім иесі болған. Өлімінен соң перзенттері, жазған кітаптары һәм шәкірттерінен келіп тұрған сауап екі дүниесін толтырған.
Көкте пайда болған нұр жер бетін нұрландырды, кенеттен гауһардан жасалған жол пайда болды. Баршаны өзіне ғашық еткен үн жермен — көкті жаңғырта қайта естілді.

— Фирдаус жәннәтына кірсін! Білім иесі «Субханаллаһ» деді. Періштелер де дұғаны қайталады. Содан соң бір кемпір шықты. «Жетім асыраған», — деп оқылды амал дәптерінен. Кемпірдің машақатты еңбегіне аз емес, көп емес — он төрт Ухуд тауына тең келетін ыдыстар сауаппен бетпе-бет толды. Дүниелік өмірінде кемпір шалының разылығын алған екен. Көкте таралған нұрдан алтыннан бір жол пайда болып, ол әл — Мақамул — әмин жәннәтының қақпасына дейін жетті.

жалғасы ертең...