Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар (1)

Рамазаннан басқа уақыттарда өмір бойы ораза тұтатын болса да рамазанда тұтылған бір күндік оразаның сауабына жете алмайды. Бір хадис шәрифте былай айтылады:

«Аллаһ разылығы үшін бір күн ораза тұтқан адамды Аллаһу та’ала бір күндік ораза себебімен тозақ отынан 70 жылға алыстатады». (Бұхари, Муслим, Тирмизи, Насаи, Ибни Мажа).

 

Сұрақ: Дәрет алғанда немесе ауызды шайғанда қалған ылғалды жұту оразаны бұза ма?

Жауап: Ауызды шайғаннан кейін ауызда қалған ылғалды түкірікпен жұту оразаны бұзбайды. 

 

Сұрақ: Аузы берік екендігін ұмытып ішіп-жесе ораза бұзыла ма?

Жауап: Бұзылмайды, есіне түскенде тоқтатуы керек. 

 

Сұрақ: Тұмау ауруына байланысты мұрнымнан су ағуда, оны қақпай ішке қарай жұтуым оразаны бұза ма?

Жауап: Бұзбайды. 

 

Сұрақ: Ауыздағы түкірікті, қақырықты жұту оразаны бұза ма?

Жауап: Ешқайсысы бұзбайды. 

 

Сұрақ: Сәре тамағын жеп болып, имсак уақытына жақын тісімді тіс пастасымен жуамын. Аузымды қанша шайғанмен дәмі аузымда сезіледі, бұл жағдай оразаны бұза ма?

Жауап: Бұзбайды.

 

Сұрақ: Ораза кезінде дәрет алғанда ауызға, мұрынға суды аз алуға бола ма?

Жауап: Иә, болады.

 

Сұрақ: Гель, крем, дезодорант қолдану оразаны бұза ма?

Жауап: Ешқайсысы бұзбайды.