Рамазан сұхбаты... Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар (2)
Сұрақ: Қол, бет, дене лосьондары немесе кремдерінің құрамында спирт болғаны үшін намаз оқығанда және ораза тұтқанда бұл кремдерді қолданбау керектігі, нәжіс саналатыны рас па?
Жауап: Жоқ, мұндай қоспа спирттер кешірілген болып саналады.
Сұрақ: Құлаққа дәрі тамызу оразаны бұза ма?
Жауап: Иә, бұзады.
Сұрақ: Рамазанда аузым берік кезде әйелімді сүюім оразаны бұза ма?
Жауап: Қарапайым сүю (мәселен үйден шығарда қоштасу секілді) рұқсат. Ал шәхуатпен (құмарлықпен) сүю рұқсат емес. Жүніп болу қаупі бар болса сүю мәкрух болады. Сүйгенде жүніп болса оразасы бұзылып, қазасын ұстау керек болады. Малики мазһабында ораза кезінде әйелін сүю харам болады.
Сұрақ: Бір себепке байланысты ораза ұстай алмаған адам ол күні Құран кәрімді оқи ала ма, тарауих намазын оқи ала ма?
Жауап: Ораза, намаз және Құран оқу бір-біріне байланысты ғибадат емес. Бір себеппен ораза ұстай алмаған адам, Құран кәрім оқиды, бес уақыт намазын да, тарауих намазын да оқиды.
Сұрақ: Ораза кезінде құлағым суықтап құлық ағуы оразаны бұзады ма?
Жауап: Бұзбайды. Оразада көбіне денеден шыққан нәрселер оразаны бұзбайды. Мәселен қан алдыру оразаны бұзбайды. Бірақ өз қалауыңмен ауыз толтырып құсатын болса ораза бұзылады. Оразаны көбінесе денеге кірген нәрселер бұзады, мәселен укол салдыру оразаны бұзады.
Сұрақ: Қан алдырғанда ораза бұзыла ма?
Жауап: Бұзылмайды.
Сұрақ: Ораза кезінде құлақты мақталы шимен тазалау оразаны бұзады ма?
Жауап: Ханафи мазһабында бұзбайды (шафии мазһабында бұзады).
Сұрақ: Душ алғанда құлаққа сабынды су кірсе ораза бұзыла ма?
Жауап: Бұзылмайды.