Денсаулық... Аш қарынға жылы су ішудің пайдалары (1)
Жылы су дене температурасынан төмен болмағаны жөн!
1. Ағза тазарады. Түнде ағза демалып қана қоймай, токсиндерден тазарады. Ал аш қарынға су ішу бұл процеске көмектесе түседі. Оған қоса, жүйелі түрде су ішу бұлшықеттер жасушалары мен жаңа эритроциттердің өңделуіне ықпал етеді.
2. Көңіл күй жақсарады. Аш қарынға ішілген судың токсиндерді шығару мен ағзаны «іске қосу» қабілеті адамның эмоциялық жағдайына да жағымды әсер етеді. Су жүйке жүйесіне жанама әсер ете отырып, ашушаңдықты басады және ұйқыны ашады.
3. Жүрек жұмысына көмектеседі. Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының ең кең тараған түрлеріне инфаркт пен инсульт жатады. Олар, әдетте, қандағы сұйықтық мөлшері аз болғандықтан қан ұйықтарының түзілуінен пайда болады. Жүйелі түрде аш қарынға су ішу қантамырлар жүйесіне жағымды әсер етеді және инсульт қаупін төмендетеді.
4. Асқазан-ішек жолы ауруларын алдын алады. Қыжыл немесе асқазан-ішек жолының басқа да жағымсыздықтары көбіне асқазандағы жоғары қышқылдылықтың себебінен пайда болады. Егер аш қарынға уақытылы су ішсеңіз, ол қышқылды сұйылтады және жағымсыз сезімдерден арылтады. Сондай-ақ асқазан таңғы асқа дайындалады.
5. Зат алмасу жылдамдайды. Арықтағысы келетіндер немесе асқазан жұмысын реттегісі келетіндер үшін зат алмасу процесін бақылау маңызды. Егер ол жеткілікті түрде жылдам болмаса, судың көмегіне жүгінуге болады. Аш қарынға ішілген су зат алмасу жылдамдығын 30%-ға арттырады.
6. Тері жағдайы жақсарады. Сыртқы келбетіңіз жақсы көрінгенін қаласаңыз, алдымен ішкі жағдайға мән беру керек. Бұл жерде ағзаның су тепе-теңдігін ұстап тұру маңызды рөл атқарады. Әйтпесе, тері құрғақтанып, ерте әжімдер пайда бола бастайды. Күнде таңертең аш қарынға бір стақан су ішу арқылы тері жағдайын жақсартуға болады