Денсаулық... Аш қарынға жылы су ішудің пайдалары (2)
7. Шаш саулығын сақтайды. Ағзаға су жетіспесе, ол шаштың сыртқы жағдайына, оның өсуі мен қалыңдығына негатив әсер етеді. Сондықтан шашыңыз мықты болуы үшін жеткілікті түрде су ішу керек.
8. Бүйрек ауруларының алдын алады. Бүйректердің сау болуы ағзадағы су тепе-теңдігінің қалыпты болуымен тікелей байланысты. Аш қарынға және күні бойы уақытылы жылы су ішіп тұру зәр мөлшерін арттырады. Соның себебінен бүйректерде болуы мүмкін минералдар сұйылады. Осылайша, тастар түзілуінің немесе қабынулар пайда болуының алдын алуға болады.
9. Иммунитет нығаяды. Көптеген аурулардың пайда болуы тікелей иммунитет жағдайымен байланысты. Аш қарынға ішілген су лимфалық жүйелер теңгеріміне жағымды әсер етеді. Ол өз кезегінде ағзаны қатайтып, түрлі аурулардың қоздырғыштарына төзімді болуына көмектеседі.
10. Ісінуді басады. Жылы су ешбір қоспасыз-ақ несеп айдайтын қасиетке ие. Егер сіз күн сайын таңертең ашқарынға жылы су ішетін болсаңыз аз күнде-ақ, ісіктің басылғанын байқайтын боласыз.
А.Жапатова
Сәулетші Мимар Синанның парасаты
Мимар Синан жер бетіндегі ең үлкен мешіттердің бірі болған Эдирне қаласындағы Сулеймания мешітін салып жатқанда мешіттің михрабына (имам тұратын орын) қою үшін неміс королі әдемі және әшекейлі бір тас жібереді. Қануни Сұлтан бұл тасты мешіттің михрабына қоюды бұйырады. Мимар Синан ол тасқа қарап,
- Патшам, рұқсат етсеңіз бұл тасты михрапқа емес, кіре-беріске, босағаға қояйық,- дейді.
- Неге?
- Мен бұл тасқа күмәнданамын. Мұнда бір қулық болса керек.
Мимар Синанның сұрауымен тас ортасынан бөлінеді. Тастың ортасынан граниттен жасалған крест белгісін көреді. Сол кезде бұл тастың мәнісі түсінікті болып, Синан тасты есіктің кіре-берісіндегі аяқ басатын жерге қояды.
Қазір әлі сол жерде тұрған қызғылт тас екі бөлік болып есіктің астыңғы жағында тұр