Рамазан сұхбаты... Оразадағы тазалану кезеңі (1)
1 - кезең (1-2 күн). Оразаның бірінші күні қанымыздағы қант төмендейді. Жүрек соғысы бәсеңдеп, қан қысымы төмендейді. Бұлшықеттен гликоген шығып, әлсіздік пайда болады. Тазаланудың алғашқы күндері ең қиын болып келеді.
Бас ауыру, жүрек айну, ауыздан жағымсыз иіс шығу, тілдің ауырланып, ісінуі – тазаланудың бірінші кезеңінің белгілері. Осы кезеңде аштық та қатты сезілуі мүмкін.
2 - кезең (3 күннен 7 күнге дейін). Май қышқылы құрамындағы майлар ыдырап, глицеридтер молекуласындағы глицеринді босатып, глюкозаға айналады. Бет майланып кетеді, себебі ағза ашыған майдан арылып жатады.
Ағза оразаға үйрене бастайды, ас қорыту жүйесі демалып, барлық күш тазалануға және емделуге жұмсалады. Қанның ақ түйіршіктері мен иммунитет жүйесінің белсенділігі артады.
Өкпе тұсыңыз ауырсынуы мүмкін. Тазалану органдары, өкпе жолдары ретке келіп, жаңалау процессі үстінде болады.
Тынысыңыздың әлі де жағымсыз иісі бар, тіліңіз де ағарып тұрады.
Тоқ ішекте де өзгерістер болып, ішек қабырғаларына жабысқан нәжіс ажыратыла бастайды.
3 – кезең (8-15 күн). Өзіңізді сергек сезініп, қуатыңыз тасып жүреді. Алайда, ескі жаралар қозып, біраз ауырсынуы мүмкін. Бұл ағзаның ораза кезінде өзін-өзі емдеуге көшкенін көрсетеді. Мысалы, қолыңызды он жыл бұрын сындырып алсаңыз да, сынған орында із (рубцовая ткань) қалады. Қолды сындырған кезде ағзаның өзін-өзі емдеу қасиеті өмір сүру салтына тікелей қатысты болатын. Егер сіз салауатты өмір салтын ұстанбаған болсаңыз, онда ағзаның емделу қасиеттері қыл үстінде болатын.
Ораза барысында ағза өзін-өзі емдеу қасиетін белсенді етеді. Ағза өз бойынан өлі не жарақаттанған жеріне лимфоциттер секреттелген (шырышты) заттарды жеткізіп, ақаулы жасушаларды жоюға кіріседі. Осы шырышты заттар бұрын болған ақау орнын қайта ауруына әкеп соқтыратын сол жердегі жүйке талшықтарына әсер етеді. Ағза өзін-өзі емдеп болуының көрсеткіші де осы ауырсыну болмақ. Бұлшықеттер қатайып, токсиндердің әсерінен ауырсыну асқындайды.
Токсиндер аяқта жиналатын болған соң аяқтарыңызда ауыру сезінесіз. Ауыз қуысында шағын жаралар пайда болуы мүмкін, ол бактериялардың көбею салдарынан болады. Күнделікті ауызды тұзды сумен шайып тұрсаңыз, жаралар тез жазылады