Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Оразадағы тазалану кезеңі (2)

4 – кезең (16-30 күн)

Ағза ашығуға әбден үйренген. Қуатыңыз көп, ой-санаңыз тынық.

Тазалану кезеңдері қысқарып, тіліңіз де қызғылттанып, тынысыңыз таза болатын күндер келеді. Ағза өзін-өзі емдеуді аяқтайды. Ағза өзін әртүрлі ауыру қоздырғыштарынан тазалаған соң, органдар екі есе тез жұмыс жасап, ақауы бар жойылған жасушалар орнын толықтырады.

20 күннен соң санаңыз тынық, жүйкеңіз тыныш, қуатыңыз көп, бойыңызда баланс сезіледі. Есте сақтау қабілетіңіз артады.

 

Тамыр бітелуі (Атеросклероз)

Азық қалдықтары жақсы қорытылмағанда тамырларды тоздырады. Қорытылмаған майлар тамырларды тарылтады, тамыр бітелуі деп аталатын ауруға себеп болады. Ораза тұтқанда кешке дейін денеде азық қалмайды. Яғни бүкіл азықтар қорытылып болады. Бұл тұрғыдан да әсіресе «тамыр бітелуі» бар адамдарға басқа айларда да ораза тұтуы кеңес беріледі. Ораза кезінде дененің басқа мүшелері де демалады. Аз тамақтану және ораза тұту деннің саулығы үшін өте маңызды. Зекет – мал мүліктің кірі. Зекет берген адам мал-мүлкін кірден қорғағанындай, ораза тұтқан адам да денесінің зекетін өтеген болады, денесін аурулардан қорғаған болады.

Ораза тұтуда сабыр да бар. Хадис шәрифте «Ораза – сабырдың жартысына тең» делінген. (Ибни Мажа)   

Оразаның сауабы басқа ғибадаттарға қарағанда өте көп. Хадис құдсида айтылғанындай:

 «Әрбір жақсылыққа 10 еседен 700 есеге дейін сауап беріледі. Бірақ ораза маған тән ғибадат, оның сыяпатын мен беремін». (Бұхари).