Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Неміс ғалымдары ораза туралы

Неміс зерттеушілері осы ораза туралы зерттегеннен кейін оразаны екі-ақ сөзбен «Пышақсыз операция» деп атаған.

Зерттеуші Жозеф Чепач ораза туралы мақала жазу үшін 1 айдан астам уақыт ораза ұстап көрген.

Оның пікірінше,  ораза Ислам мемлекеттерінен тысқары елдерде де өте тез тарауда. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдар зерттеуде әрі аурулардың алдын алу үшін науқастарға ораза ұстау керектігін айтатын дәрігерлердің саны да күн өткен сайын көбейе түсуде.

Жозеф Чепач мынандай деректер келдіреді: Қазір Германияның 29 клиникасында науқастарға ораза арқылы ем жасалынады екен. Ораза көптеген аурулардың алдын алумен  қатар артық салмақтың да болмауына көмектеседі. Оразаны зерттеуші ретінде танылған доктор Гельмут Лацнердің айтуынша, ораза – денедені көп жылдар бойы сақталып қалған улы, артық лас нәрселерден арылтудың ең табиғи жолы екен.

Жозеф Чепач бұл мақаланы жазбай тұрып алғашында 10 күн, кейіннен 25 күн бойы ораза ұстаған. Зерттеу нәтижесінде мыналарға анық көз жеткізген:

1) Ораза ұстаған кісі өзін аш сезінбейді.

2) Ораза дене мен  ойдың сезімталдығын арттыра түседі.

3) Ораза адамның дене бітімін бір қалыпта сақтайды.

4) Ораза ұстау барысында артық салмақтан арылуды ғана көздемей, оның рухани, ішкі әсерін де білгім келді. Өйткені, тамақтанудың адамның дене мен рухына да қатар  әсер ететінін білгендіктен, одан қорғанған кезде ой мен рухтың тазаратындығына сене түстім.

Доктор Отто Бачингер «Шипалы ораза» атты кітабында қатты бір ауруға шалдыққанда өзінің ораза ұстағандығын жазған. Бачингер ең озық неміс маманы Густав Риедлдың бақылауымен ораза ұстап, ауруынан құлан-таза айыққан.

Др.Бачингер он мыңдаған ауруларға жүргізген зерттеуін былай қорытындылайды: «Дене қызуын түсіруден бастап ораза мың да бір ауруға ем. Ораза — пышақты қажет етпейтін операция».