Рамазан сұхбаты... Науқастардың ораза ұстауы
Сұрақ: Асқазаны толығымен алынған адам ораза ұстай алады ма?
Жауап: Маман дәрігерлер ораза ұстауының ешқандай зияны жоқ екендігін айтуда.
Ораза және фидйа
Сұрақ: Ораза ұстай алмайтындай дәрежеде кәрі немесе ауру адам ораза ұстай алмайтын болса, не істеуі керек?
Жауап: Қатты қартайып, қайтыс болғанға дейін Рамазан оразасын немесе қаза оразаларын ұстай алмайтын қарт немесе жазылып кетуінен үміт үзілген науқас ораза ұстамайды, кедей болмаса фидйа береді. Бір хадис шәрифте: «Ораза ұстай алмайтындай кәрі немесе жазылып кетуіне үміт қалмаған науқас адамдар фидйа береді» делінген. (Нәсаи)
Кәрі болып, ораза ұстай алмайтын және айығуынан үміт үзілген науқас, кедей болмаса әрбір күннің оразасына фидйа береді. Кедей болса фидйа бермейді, дұға етеді. Фидйа ретінде әр күнге бір пітір мөлшерінде ұн беріледі. Бір пітір мөлшері ұн дегеніміз – 1750 грам. Бір айлық оразаға 53 кг ұн беру жеткілікті болады. Яки осының құнында алтынды, ұстай алмаған бір айлық оразаның фидйасы ретінде, бір немесе бірнеше кедейге Рамазанның басында немесе соңында беруге болады. Кедей алған фидйаны өзі де қолдана алады, басқа біреуге де бере алады. Фидйа бергеннен кейін ораза ұстай алатын жағдайға келген науқастың ұстай алмаған оразаларының қазасын өтеуі керек болады. (Нәхр-ул-фаиқ)
Ауру, кәрілік сияқты бір үзірдің себебімен Рамазан оразасын ұстай алмайтын бай адамның, бұл жағдайы қайтыс болуына дейін жалғасатын болса, кедейлерге тамақ берілуін өсиет етіп кетеді. Мұрагері (өкілі) оның ұстай алмаған әрбір оразасы үшін кедейге фидйа береді. (Бәдайи)
Толығырақ www.islamdini.kz сайтының «Ораза»-«Науқастың ораза ұстауы» бөлімінде жазылған!