Untitled Document

Сұхбат... Пайғамбарлар қандай кәсіп меңгерген (1)

1. Адам алейһиссалам жер бетіне түскен соң адал ризығын табуы үшін диқаншылықпен айналысты. Егін егуге қажетті жерді өңдейтін құралдарды ағаштан жасады. Осылайша Адам ата жерді өңдеуді жетік меңгерді. Имам Қуртуби: «Адам алейһиссалам егіншілікпен айналысты», – деген. Сондай-ақ басқа пайғамбарлар сияқты қой баққан.

2. Нұх пен Зәкария (алейһумуссалам) ағаш ұстасы болған. Баршамызға белгілі, Нұх пайғамбардың заманында жер бетін топан су басты. Сол себепті Нұх пайғамбар Аллаһу та’аланың бұйрығымен иман келтіргендерді құтқару мақсатында алып кеме жасады. Себебі ол өз кәсібінің майталманы еді. Сондай-ақ Зәкария алейһиссалам жайында Пайғамбарымыз (сәллаллаһу алейхи уәсәлләм): «Зәкария пайғамбар ағаш ұстасы болған еді», – деген.

3. Ыдырыс (алейһиссалам) инені ойлап тапты әрі тігіншілікпен айналысты. Адамдарға малдың жүнінен, терісінен қыстық, жаздық киімдер тігіп беретін еді. Сондай-ақ алғаш болып қаламмен жазған пайғамбар.

4. Худ (алейһиссалам) саудагер болған.

5. Салих (алейһиссалам) құрылысшы еді. Себебі оның қауымы тауларды тесіп үйлер салатын. Салих алейһиссалам түйе бағып, сүтін, шұбатын сататын еді.

6. Ибраһим және Лұт (алейһумуссалам) пайғамбарлар егіншілікпен шұғылданған. Сондай-ақ Ибраһим пайғамбар құрылысты да бір кісідей меңгерген еді. Аллаһу та’ала оған Қағбаны тұрғызуды бұйырды. Сол кезде Ибраһимге ұлы Исмайл (алейһумуссалам) көмектескен болатын. Ол жайында Аллаһу та’ала Құранда былайша баяндайды: «(Есіңе ал!) Ибраһим мен Исмайыл Үйдің (Қағбаның) негіздерін көтеріп жатып былай деген-ді: «Раббымыз! Бізден қабыл ал! Расында, Сен Естушісің һәм Білушісің!». Сондай-ақ, Ибраһим (алейһиссалам) мата сатумен де айналысқан. Лұт пайғамбар тарихшы болған әрі саяхатшыларға жетекшілік еткен.

жалғасы ертең...