Untitled Document

Сұхбат... Пайғамбарлар қандай кәсіп меңгерген (2)

7. Исмайл мен Жүніс (Юнус) (алейһумуссалам) пайғамбарлар аңшылықпен, балық аулаумен айналысты. Ұстаған аңын, аулаған балығын базарға апарып саудалайтын. Исмайыл (алейһиссалам) бірнеше тіл білген. Сол себепті оны «аудармашылардың атасы» деп атайтын.

8. Шұғайып, Мұса, Исхақ және Яқуб (алейһумуссалам) пайғамбарлар қой бақты. Хазерті Мұса перғауынның сарайынан кеткеннен кейін шопан болды. Ол жайында Аллаһу та’ала Құранда: «(Мұса): «Бұл – аса таяғым. Мен оған сүйенемін, қойларыма (ағаштан) жапырақ қағамын. Әрі онда басқа да қажеттіліктерім бар», – деді. Сондай-ақ, Мұса (алейһиссалам) жазумен де айналысты. Тәуратты өзі кітапқа түсіріп, жазып шыққан еді.

9. Юсуф (алейһиссалам) дәнді дақылдарды сақтайтын қойманың басшысы болған. Яғни дәнді-дақылдарды қалай сақтайтынын меңгерген. Ол жайында Хақ та’ала Құранда: «(Юсуф): «Мені жердің (Мысыр елінің) қазыналарына басшы қыл. Өйткені мен білгір сақтаушымын», – деді.

10. Әюб (алейһиссалам) пайғамбар егіншілікпен айналысқан. Адамдардың арасында жомарттығымен танылған. Әр күні үйіне кедейлерді шақырып, тамақтандыратын еді.

11. Зүлкифл (алейһиссалам) пайғамбар нан пісіретін. Яғни наубайшы болған. 

12. Илияс (алейһиссалам) пайғамбар тігіншілікпен және мата тоқумен айналысқан.

жалғасы ертең...