Untitled Document

Сұхбат... Ішіп-жеуі харам болған нәрселер (1)

1- Тікелей өзі харам болған нәрселер. (Өлексе, доңыз еті және шарап секілді).

2- Өзі харам емес, бірақ ұрлап алу, тартып алу, пара алу секілді жолдармен алынған нәрселер.

3- Тойғаннан кейін жеу.

4- Аллергия беретін азықты жеу. (Мәслелен балық, ет, сүт, жұмыртқа, құлпынай секілді азықтарды жегенде зиян беретін болса бұлар тек зияны тиетін адамға харам, зияны тимейтін адамға мубах болады).

5- Зиянды нәрселерді жеу. (Мәселен: балшық, топырақ, шыны секілді).

6- Улы заттарды жеу. (Улы шөп, иістеніп кеткен ет секілді).

7- Есірткі, ойлау қабілетін әлсірететін нәрселерді жеу. (Дәрігердің айтуымен дәрі ретінде қолдану жаиз болады).

8- Таза бірақ жиіркенішті заттарды жеу. (Бақа, қаны болмайтын құрт-құмырсқалар, жемістің, ірімшіктің және еттің құрттары секілді).

Құран кәрімде былай делінген:

«Өлексе, сұйық қан, доңыз және Аллаһтан басқаның атымен сойылған жануарларды жеу харам болады». (Әнам 145)

Аяти кәримада аталған бұл харамдардан басқа жоғарыдағы сегіз бөліктегі нәрселердің де харам екендігін пайғамбарымыз хабар берген.

 

Етін жеуге болатын және жеуге болмайтын жануарлар

Сұрақ: Етін жеуге болатын және жеуге болмайтын жануарларды айтып бересіз бе?

Жауап: Құрлықта өмір сүретін жануарлар және құстар туралы хадис шәрифте былай делінген:

 «Ит тісті (клык) жыртқыш жануарлар және ауын (қорегін) тырнағымен аулайтын құстарды жеуге болмайды»(Муслим)