Сұхбат... Ішіп-жеуі харам болған нәрселер (2)
Етін жеуге болмайтын құрлықтағы жануарлар:
Доңыз, қасқыр, аю, арыстан, жолбарыс, барыс, леопард, панда, пантера, гепард, ягуар, пума, тиін, бұлғын, сусар, скунс, горила, маймыл түрлері (шимпанзе, павиан, гибон, орангутан), қорқау, піл, ит, мысық, шошқа, борсық, сілеусін, шибөрі, түлкі, ақ тышқан (ласка) сияқты, иттісті (клык) жыртқыш жануарларды жеуге болмайды. (Шафии мазһабында түлкі, қорқау, бұлғын, тиін және ақ тышқанды жеуге болады.)
Етін жеуге болатын құрлықтағы жануарлар:
Жираф, кенгуру, қоян етін жеуге болады. Етін жеуге болатын қой, ешкі, сиыр, түйе секілді үй жануарларының жабайы түрлерін де жеуге болады. Мәселен буйвол, бизон бұлар жабайы сиыр, лама жабайы түйе, яғни бұларды жеуге болады. Жабайы тау ешкісі, киік, антилопа, жабайы қойларды жеуге болады. Үй жануарларынан атты жеу тәнзиһан мәкрух болып табылады. Пони де атқа жатады. Ат еті Шафии және Ханбелиде халал, Маликиде харам болып табылады. Жабайы аттарды жеуге болады. Үй есегін жеуге болмайды. Жабайы есекке жататын зебраны жеуге болады.
Етін жеуге болмайтын құстар:
Ауын (қорегін) тырнағымен аулайтын және өлексемен қоректенетін лашын, бүркіт, ителгі, құзғын, күшіген, қарға, жарғанат, қаршыға, сұңқар, шағала, ләйлек, фламинго, эгрет, таз ибис секілді құстарды жеуге болмайды.