Сіз білесіз бе? Құранда аты аталған алты жеміс (3)
Банан. «...Және жемістері шоғырланған банан ағаштары арасында» («Уақиа» сүресі, 29-аят).
Банан – дәмді әрі жеңіл жеміс. Ағзада тез қорытылумен қатар денсаулыққа да аса пайдалы. Жемістің 100 граммында 376 миллиграмм калий бар, бұл шамадан артық сұйықтықты ағзадан шығару үшін жеткілікті. Банан жараны жазады, өйткені оның құрамында осы ауруды тудыратын бактерияларға қарсы тұратын заттар бар.
Анар. «Ол екеуінде жемістер, құрма және анар бар» («Рахман» сүресі, 68-сүре).
Анардың құрамында А, В, С, Е дәрумендері мен калий, йод, темір, кремний, кальций сияқты минералды заттар бар. Сондай-ақ бұл жемістің құрамында зиянды әсерлер мен токсиндерден тиімді қорғайтын және ерте қартаюдың алдын алатын екі зат бар. Зерттеулерге сәйкес, анар шырыны мен қабығында кездесетін пуникалагин жасыл шай мен қызыл шарапқа қарағанда антиоксиданттық белсенділікке ие. Анар жүрек-қан тамыр жүйесін нығайтып, қалқанша безінің қызметі мен қан құрамын жақсартады.
Анар шырыны асқазан, бүйрек, бауыр, өт, диабет, анемия ауруларына ем болады. Сондай-ақ анар шырынын физикалық, лазерлік, химиялық терапия мен радиациялық сәулелер қабылдағаннан кейін ішкен жөн.
Жүзім. «...Құрма бақтары және жүзімдіктер жасадық және ол жерден бастаулар ағыздық» («Йәсин» сүресі, 34-аят).
Жүзімнің құрамында Р, С, В1, В2, В6, Д, Е, РР дәрумендері, калий, магний, кальций, фосфор, кобальт, никель, титан, бор, алюминий, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микроэлементтер бар. Жүзім қандағы азот оксидінің деңгейін көтеріп, қанның қоюлануынына жол бермейді. Табиғи түрде өскен жүзімнің адам ағзасына төмендегідей пайдасы бар:
- Асқазан-ішек жолдарының жұмысын қалыпқа келтіріп, іш қатудың алдын алады;
- Жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, шаршауды басады. Адамның күшін қалпына келтіріп, сергітіп, жұмыс өнімділігін арттырады.
- Ауыр металдардың және радиоактивтік сәуленің шығуына көмектеседі.
Гемоглобин деңгейін қалыпқа келтіріп, түрлі аурумен күреседі.