Сұхбат... Жұма намазы
Хазреті Пайғамбарымыз көптеген хадистерінде айтқан:
«Мұсылман адам жұма күнi ғұсыл алып, жұма намазына барса, бiр апталық күнәлары кешiрiлiп және әрбiр басқан қадамы үшiн сауап беріледі».
«Жұма намазын оқымаған кiсiлердiң жүректерiн Аллаһу та’ала мөрлеп тастайды».
«Күндердiң ең абзалы жұма күнi. Жұма күнi - айт күндерi мен ашура күнiнен де абзал. Жұма осы дүниеде және жәннатта мұсылмандардың мейрамы».
«Егерде бiр кiсi жұма намазына ешбір кедергісіз үш рет бармайтын болса, Аллаһу та’ала оның жүрегiн мөрлеп қояды. Яғни жақсылық жасай алмайтын болып қалады».
«Жұма күнi бiр уақыт бар, сол уақытта жасалынған дұға қайтарылмайды».
«Жұма намаздан кейiн жетi реттен Ихлас, Нас, Фәлақ сүрелерiн оқыған кiсiнi Аллаһу та’ала бір апта қазадан, бәледен және жаман нәрселерден қорғайды».
«Сенбi күнi яһудилерге, жексенбi күнi христиандарға берiлген, ал жұма күнi мұсылмандарға берiлген. Бұл күнде мұсылмандарға берекет пен жақсылық бар».
Жұма күнгi ғибадаттардың сауабы басқа күнде орындалған ғибадаттардың сауабынан екi есе көп. Жұма күні iстелген күнәлар да екi есе болып жазылады.
Кәфарат намазы
Бұл намаз екінтінің сүннеті сияқты төрт рәкат оқылады. «Қазаға қалған және қазасын кешіктірген намаздарының күнәларының кешірілуі үшін кәффарат намазын оқуға» деп ниет етіледі. Оның айырмашылығы әр рәкаттың қиямында Фатихадан кейін 1 рет Аятәл күрси және 10 рет Кәусар сүресі оқылады. Екі рәкаттан кейінгі отырыста әттахият, Аллаһумма салли, Аллаһумма барик оқылып үшінші рәкатқа тұрады. Үшінші рәкатты сүбханакәмен бастайды. Ал басқа жерлері бірдей. Рамазан айының соңғы жұма намазынан кейін екінді намазына дейін оқылады. Кәффарат намазы және мүбәрәк уақыттарда жасалатын басқа да ғибадаттар, қаза болған парыз намаздардың күнәларының кешірілуі мақсатымен жасалған тәубенің қабыл болуы үшін болып табылады.