Untitled Document

Сұхбат... Ғайбат ету

Сұрақ: Ғайбат ету дегеніміз не?

Жауап: Белгілі (танитын) бір мұсылманның немесе зимми кәпірдің айыбын, оны жамандау үшін артынан сөйлеу ғайбат болады. Ғайбат ету харам болып табылады. Тыңдап отырған адам оны танымайтын болса, ғайбат болмайды.

Ғайбат етілген адамның денесінде, тегінде, мінез-құлқында, жұмысында, сөзінде, дінінде, дүниесінде, киімінде, үйінде, тіпті жануарларында болған бір кемшілігі артынан айтылса, яғни ол адам бұны естіген жағдайда ренжитіндей сөз айтылған болса, ғайбат болады. Естігенде ренжитін сөзді бетіне айту да күнә болып табылады.

Астарлап айту, ишарамен, әрекетпен білдіру, жазумен білдіру де сөзбен айту сияқты ғайбатқа жатады.

«Пәленше өте жақсы кісі, бірақ ғибадаттағы мына кемшілігі болмаса, тіпті жақсы болар еді» деу де ғайбат болады. Хужурат сүресінің он екінші аятында: «Бір-бірлеріңді ғайбат етпеңдер!» деп бұйырылды.

Хадис шәрифтерде былай бұйырылды:

«Миғражға шыққанда мыс тырнақтарымен беттерін, кеуделерін тырнап жатқан адамдарды көрдім. “Бұлар кімдер?” деп сұрағанымда “Ғайбат етіп, адамдардың етін жеп, өздеріне қастандық жасағандар” деді» (Әбу Дауд).

«Қияметте бір адам сауап дәптерінде жасамаған ғибадаттарын көреді. “Бұлар сені ғайбат еткен адамдардың сауаптары” делінеді» (Хараити).

«Бір жамағат ішінде болғаныңда бір адам туралы ғайбат айтылғанын көрсең ол адам үшін көмекші бол. Және жамағатты да оны ғайбаттаудан қайтаруға тырыс немесе ол жерден тұрып кет» (И. Әбиддуния).

«Дін бауырыңның бетіне айтуды қаламайтын нәрсең ғайбат болып табылады» (И. Асакир).

 «Бір адамның жанында дін бауыры ғайбат етілгенде, оған көмектесуге күші жете тұра көмектеспесе, Аллаһу та’ала оны дүниеде де ақыретте де масқара қылады» (И. Әбиддуния).