Untitled Document

Сіз білесіз бе? АҚШ президенттері

АҚШ президентін сайлау 1789 жылдан бастап жүргізіледі. Егер президент екінші мәрте сайланып, өкілеттілігін жалғастырған болса, бір президенттік болып нөмірленеді (мысалы: екі мәрте сайланған Джордж Уошингтон АҚШ-тың бірінші және екінші емес, тек бірінші президенті болып табылады). Тек Гровер Кливленд ғана АҚШ-тың 22-ші және 24-президенті болып есептеледі. Франклин Делано Рузвельт — төрт мәрте президенттікке сайланған АҚШ тарихындағы жалғыз тұлға. Уильям Гаррисон — билік басында ең қысқа мерзім болған президент (1841 жылдың наурыз және сәуір айлары). Америка президенттерінің сегізі қызмет барысында қайтыс болған. Төртеуі (Уильям Генри Гаррисон, Закари Тейлор, Уоррен Гардинг және Франклин Д. Рузвельт) өз өлімімен қайтыс болса, төртеуі адам қолынан қаза тапқан: Авраам Линкольн, Джеймс Гарфилд, Уильям Мак-Кинли мен Джон Кеннеди және біреуі Ричард Никсон қызметінен отставкаға кеткен.

Алғашқы президент Джордж Уошингтон болса  Джо Байден 46 шы президент болып табылады.

2024 жылғы мамыр айының деректері бойынша қазір өмір сүріп жатқан бұрынғы президенттер саны бесеу: Джимми Картер (1977–1981) 1 қазан 1924 жыл 100 жаста. Дональд Трамп (2017–2021) 14 маусым 1946 жыл 78 жаста. Джордж Буш (2001–2009) 6 шілде 1946 жыл 78 жаста. Билл Клинтон (1993–2001) 8 тамыз 1946 жыл 78 жаста. Барак Обама (2009–2017) 4 тамыз 1961 жыл 63 жаста (Америка тарихындағы алғашқы қара нісілді президент).