Untitled Document

Оқиға... Хабаршы

Хазреті Хадиша анамыз Мұхаммед алейһиссаламды сауда керуенімен бірге Шам қаласына жібереді. Қайтар кезде керуеннің басшысы хазреті Хадишаның қызметшісі болған Мәйсара, керуеннің аман-есен келе жатқанын сүйіншілеу үшін бір хат беріп Расулуллаһты хабаршы ретінде хазреті Хадишаға жібереді. Ол керуенде Әбу Жәһил де бар еді. Әбу Жәһил Мәйсараға:

- Мұхаммедтің жасы кіші, басқа біреуді жіберейік,- дейді. Сонда Мәйсара былай жауап берді:

- Жасы кіші болғанымен өте ақылды.

Расулуллаһ хабаршы ретінде жолға шығады. Біраз жол жүргеннен кейін түйенің үстінде ұйықтап қалады. Түйе жолынан шығып, басқа жаққа қарап кете бастайды. Сол кезде Аллаһу та’ала Жәбірейіл алейһиссаламға: «Бар, түйінің тізгінінен ұстап, дұрыс жолға тарт! Үш күнде жетіп баратын жолын, бір күнде жеткіз!»

Жәбірейіл алейһиссалам да әмір етілгендей жасады. (Осы мағынада Аллаһу та’ала Духа сүресінің 7-аятында «Саған адасқан жеріңнен дұрыс жолды көрсетпеді ме?» деген).

Расулуллаһ сол күні хатты хазреті Хадишаға жеткізіп, сол күні қайтіп келді. Керуенге жақындап қалғанда Әбу Жәһил пайғамбарымызды көрді де, қуанып Мәйсараға:

- Ей Мәсара! Менің сөзімді тыңдамадың. Қара, Мұхаммед жолдан адасып, қайтып келе жатыр,- дейді. 

Расулуллаһ керуенге жетіп, хазреті Хадишаның хатын Мәйсараға береді. Ол да қуанып Әбу Жәһилге қарап:

- Мұхаммед адасқан жоқ, сен адастың,- деді.

Әбу Жәһил бәрінің алдында масқара болады. Бұған ашуланып «Мен сенбеймін» деп өзінің қызметшісін хазреті Хадишаға жібереді. Ең соңында әкелінген хаттың дұрыс екені белгілі болғанда Әбу Жәһил тағы бір рет адамдардың арасында ұятқа қалады.