Untitled Document

Сіз білесіз бе? Ерекше қабілетті адамдар (1)

Вим Хоф. "Мұз адамы" атанған неміс спортшысы қатты суыққа төтеп бере алады. Вимнің айтуынша, бұл белгілі бір тыныс алу техникасына байланысты. Бірнеше жыл бұрын жүргізілген зерттеу оның ерекше тыныс алу және жүйке жүйесінің белсенділігін арттыру үшін денедегі адреналин деңгейін арттыру арқылы дене температурасын басқара алатынын көрсетті.

Оның ең таңғажайып жетістігі Финляндияда өткен марафон, ол мұзды суда 1 сағат 52 минут тұрған. Сонымен қатар ол тек спорттық шорты киіп Эверест шыңына көтерілген. Басқалар, мысалы, альпинистер сол жерге көтерілуге ​​шығу үшін жылдар бойы дайындалады, ал Хофф мұны жұқа киіммен жасаған.

Мишель Лотито. Француз кәсіпкері Мишель Лотито ХХ ғасырда жұртшылықты өзінің – велосипедтерді, теледидарларды, темір арбаларды және т.б. тұтыну (жеу) қабілетімен таң қалдырды. Барлығы 9 жасар Лотито ескі теледидарды жеп, ата-анасын ұятқа қалдырған кезде басталды. Бірақ оның ең үлкен жетістігі 1980 жылдары – ол екі жыл ішінде тұтас бір ұшақты жеп қойған.

Бұл қалай болуы мүмкін? Ғалымдардың айтуынша, бұл жансыз заттарға тәбетті оятатын психологиялық жағдай – "Пика" деп аталатын сирек ауру. Шамасы, оның қалың шырышты асқазаны бейорганикалық заттармен тамақтануға мүмкіндік берді. Мишель Лотитоның денесін тексерген дәрігерлер оның ас қорыту жүйесі осындай ‘’экзотикалық’’ тағамдарға бейімделген деп мәлімдеді. Мишельдің асқазанының шырышты қабаты қалыпты адамдардікінен 2 есе қалың. Лотито күніне орта есеппен 900 грамм бейорганикалық заттарды жеп, оларды минералды маймен араластырып, суды көбірек ішетін.

Ол жеген заттар тізімі мынадай:

• 18 велосипед;
• супермаркеттің 15 арбасы;
• 7 теледидар;
• шаңғы;
• компьютер
• кесе;

Мишель 2007 жылы жүрек талмасынан қайтыс болған.