Untitled Document

Мақала... Қазақстандықтар қай елдерге жиі саяхаттайды?

Саяхаттауды ұнатпайтын адам кемде-кем. Жылдың қай мезгілі болсын көптеген азаматтар шетелге шығып демалғанды жөн көреді. Осыған орай ең алдымен сұранысқа ие мемлекеттер қатарын анықтап алу қажет.

Бұл жайында «Gotour» туристік агенттігінің офис басшысы Айсұлу Магзимбаева айтып берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Түркия, Египет, БАӘ елдеріне сұраныс көп.

2023 жылдың қараша айынан бастап қазақстандықтар Қытай, Сейшела қалаларында визасыз саяхаттауға мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрлігінің мәлімдеуінше қазақстандық төлқұжат 80 мемлекетте еркін, визасыз саяхаттауға мүмкіндік береді.Гонконг,Иран,Оман,Таиланд,Индонезия, Замбия, Маврикий секілді бірқатар мемлекеттерде  визаны тураламай ақ, 14 күн аралығында саяхаттауға мүмкіндік бар. Соңғы жылдардағы  отандастарымыздың Таиландқа демалысқа баруының жиілеуінің аясында  визасыз саяхаттау уақыты жарты жылға ұзартылған. Қазақстандықтардың жиі саяхаттайтын: Біріккен Араб Әмірліктері, Сан-Марино, Эквадор,  Филиппины  мемлекеттерінде бір ай көлемінде еркін саяхаттауға болады. Сонымен қатар: Доминикана, Вьетнам, Иордания, Лаос, Мадагаскар, Непал, Ямайка  секілді бірқатар мемлекеттерге визаны тура аэрапортта  туралап, белгіленген салық соммасын төлеп, елді саяхаттауға  мүмкіндік бар.

Таиланд, Гоа, Мальдив аралдарына қыс айларында ұшқан өте жақсы. Көктем айында Вьетнам мемлекетіне нағыз саяхат маусымы басталады. Жаз айларында әрине Түркия мемлекеті сұраныста болады. Мысырды да қарастыруға болады, себебі ол жақтың климаты құрғақ болғандықтан ыстығы жеңіл сезіледі. Сондай-ақ Вьетнам және Европа елдеріне ұшу жаз айында өте тиімді болады.