Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Адамдармен жақсы мәміледе болу

Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындау және тыйым салған нәрселерінен арылу қаншалықты маңызды болса, адамдардың ақыларын жемеу және олармен жақсы қарым-қатынаста болу да соншалықты маңызды. Пайғамбарымыздың алейһиссалам бір хадис шәрифінде: «Ислам діні - Аллаһу та’аланың әмірлерін үстем тұту және оның жаратқан махлұқтарына мейірімді болу» делінген. Бұл хадис шәриф Аллаһу та’аланың және құлдарының ақыларын уақытылы өтеудің маңыздылығын білдіреді. Бұл екі ақыдан біреуіне ғана мән беру жеткіліксіз. Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу уәжіп, Аллаһу та’аланың әмірі. Адамдармен көркем мінезді, әділетті мәміледе болып, жақсылық жасау керек, тек өзін ойламау керек.

Пайғамбарымыздан жақсы мінездің қандай болатыны сұралғанда: «Саған бермеген адамға беруің, саған келмеген адамға баруың, саған зұлымдық жасаған адамды кешіруің» деп жауап берген. Ислам ғұламаларынан Мұхаммед бин Ханафийа: «Адамдармен жақсы мәміледе болмаған адам ақылды емес» деген. Сүйікті пайғамбарымыз: «Бір мұсылманға құрмет көрсеткен адам Аллаһу та'лаға құрмет көрсеткен болады» деген.

Адамдар Ислам ғұламаларынан Юсуф бин Әсбаттан: «Кішіпейілді, қарапайым болудан мақсат не?» деп сұрағанда «Үйден шыққан кезде, кездестірген әр адамды өзіңнен жақсы деп білуің. Дін бауырыңмен жылы жүзді, жылы сөзді, сабырлы, ашық қолды мәміледе болуың, кешірімді болуың» деп жауап береді.

Ұлы әулиелерден Хасан Басри хазреттері былай дейді: «Кездескен адамның жасы сенен үлкен болса, “Бұл кісі менен үлкен болғаны үшін дінге менен көп қызмет еткен” деп ойла. Егер жасы кіші болса, “Бұл әлі жас, мен одан көп күнә істегенмін, демек ол менен жақсы” деп ойлауың керек.»

Сүйікті пайғамбарымыз айтқан: «Мұсылман қарттарды құрметтеу, Аллаһу та’аланы құрметтеу», «Үлкендерге құрмет көрсетпеген, кішілерге мейірімді болмаған адам бізден емес».