Сұхбат... Фатиха сүресінің қасиеті
Сұрақ: Фатиха сүресінің мағынасы және қасиеті қандай?
Жауап: «Уммул Құран» деп те аталатын Фатиха шәрифтің мағынасы мынадай:
«Рахман және Рахим болған Аллаһу та’аланың қасиетті есімін оқып бастаймын. Мақтау және мадақтаулардың ең үстемі, бүкіл әлемдерді жаратқан (тәртіппен, жүйемен бір-біріне байлаған) Аллаһу та’алаға тән. Аллаһу та’ала, дүние мен ахыретте құлдарына аса мейірім етуші. Қиямет күнінің иесі және басқарушысы тек қана Ол. Біз тек саған ғана ғибадат етеміз, (Сенен басқа ғибадат етуге лайықты еш нәрсе жоқ) және тек сенен ғана жәрдем сұраймыз. Бізді (сенімімізде, әрекеттерімізде, сөздерімізде және әдебімізде, артық және кем арасындағы орта жол болған) дұрыс жолда жүргіз! (Осы жолда бізді тұрақты қыл!). Бізді (мейірім және ихсаныңмен) нығмет бергендеріңнің (әнбиялардың, әулиелердің және сыддықтардың) жолына сала көр. (Хақты қабыл етпей) сенің ашуыңа ұшырағандардың, адасқандардың жолына түсірме! (Әмин)».
Фатиха сүресінің қасиеті жайында хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Фатиха мен Аятәл күрсиді оқыған адамға сол күні жын мен шайтан зиян тигізе алмайды, көз тимейді.» (Дәйләми)
«Фатиха мен Аятәл курсиді оқыған адамға сол күні көз тимейді.» (Дәйләми)
«Қайыры ең көп болған сүре – Фатиха, барлық дертке дауа.» (Бәйһақи)
«Ең қасиетті сүре – Фатиха.» (Хаким)
«Фатиха сүресі Аллаһу та’аланың ашуының алдын алады.» (Шира)
«Фатиха сүресі уларға қарсы шипа.» (Әбушшәйх)
Бір сахаба Фатиха сүресін оқығанын айтқанында, пайғамбарымыз былай дейді:
«Ант етемін, Аллаһу та’ала Тауратта да, Інжілде де, Забурда да, Фурқанда да осы сүренің ұқсасын түсірмеген. Бұл сүре намаздарда қайталанып оқылатын жеті аят болып, маған берілген ұлы Құраннан.» (Тирмизи)