Ғибрат... Садақа беру
Абдулуарис бин Саид хазрет ұлы фиқһ және хадис ғалымы. Хижри 120 (737ж) туылып, 180 (796ж) Басрада қайтыс болған. Риуаят еткен хадис шәрифінің бірінде былай делінеді:
«Исраил ұлдарынан бір кісі осы түні Аллаһу та’аланың разылығы үшін міндетті түрде садақа беремін» деп үйінен шығады және білместіктен садақаны бір ұрлықшыға береді. Таңертеңгісін халық «кеше түнде бір ұрыға садақа беріліпті» деп айтып жүреді. Мұны естіген әлгі кісі «Аллаһым! Ұрыға садақа бергенім үшін саған хамд етемін. Міндетті түрде қабыл болатындай садақа беруім тиіс» деп тағы да үйінен шығады. Бұл жолы садақаны зинақор әйелге береді. Таңертеңгісін халық «Бұл түні зинақор әйелге садақа беріліпті» деседі. Садақаны берген кісі «Аллаһым! Жезөкшеге садақа бергенім үшін саған хамд етемін. Міндетті түрде қабыл боларлық садақа беру керекпін» деп тағы садақа беру үшін үйінен шығады. Бұл жолы садақаны бай адамға берді. Ертеңіне халық «Масқара, кеше түнде бай адамға садақа беріліпті» деген тағы өсек тарайды. Садақаны берген кісі «ұрыға, зинақорға, байға садақа бергенім үшін саған хамд етемін», деді. Түсінде әлгі кісіге мынадай сүйінші білдіріледі: «Сенің ұрыға берген садақаң бәлкім ұрының ұрлық істеуінен, ал жезөкшенің зинаға баруынан бастартқызады, жақсы, намысты адам болуларына себепші болады. Байдың да сенен ғибрат алып, мал-мүлкін Аллаһ разылығы үшін жарататыны үміт етіледі».