Untitled Document

Сұхбат... Жалаңаш күйде шомылу

Сұрақ: Еркектердің жалғыз кезінде жалаңаш немесе қысқа дамбалмен шомылуы күнә ма?

Жауап: Бұл жөнінде үш қаулы бар:

1) Мәкрух болады.

2) Тар жерде болса жаиз.

3) Рұқсат болып табылады. (Рәддул мухтар)

Ықтиятты болу керек, кіндік пен тізе арасын бір матамен немесе шолақ шалбармен (шортымен) жабу керек. Орайтын мата немесе киетін шорты болмаса, дамбал бар болса, Ханбали мазһабы тақлид етілсе мәкрух болмайды. Дамбал да жоқ болса, тар жерде ғұсыл алуға тырысу керек. Тар жер де жоқ болса, жаиз болған қаулы бойынша амал етуге болады.

Сұрақ: Үйде ешкім жоқ кезде жалаңаш жүру және жалаңаш жуыну күнә ма?

Жауап: Иә, күнә болады. Себебі жалғыз емеспіз. Жанымызда бізді жын мен шайтандардан қорғайтын, амалдарымызды камера сияқты құралдармен сақтап жүретін періштелер бар. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Бір адам екі көршісінен қалай ұялатын болса, күндіз-түні өзімен бірге болған екі періштеден де солай ұялу керек!» (Бәйһақи).

«Жалаңаш жүруден сақ болыңдар! Әрдайым сендермен бірге болатын, тек жима мен әжетханада ғана айрылатын қорғаушы періштелерінен ұялыңдар және оларға құрмет көрсетіңдер!» (Тирмизи).