Денсаулық... Ішімдіктің зияндары
Бүгінгі күні ең үлкен індетке айналған, әсіресе жастарға төніп тұрған қауіптің басында спиртті ішімдік және есірткі тұр. Арақтың зияндарының біршамасы төмендегідей:
● Жол апаттарының көбі, мас жүргізушілердің кесірінен болады.
● Спиртті ішімдіктер мен есірткілер ми және орталық жүйке жүйесінің қас дұшпаны.
● Спиртті ішімдік қатерлі ісікке шалдығу себептерінің басында тұрады.
● Спиртті ішімдік ішетіндердің бауырлары қатты шаршайды. Соңында цирроз ауруына шалдығуы мүмкін.
● Арақ жүректің үлкеюі мен қан айналымының жүйелігін бұзады.
● Бүйрек қабынулары, жасушалардың зақымдануы және қуықалды бездің (простат) үлкеюі арақтың зияндарынан болып табылады.
● Асқазанның ішкі қабықшасын тітіркендіріп, гастрит пен асқазан жарасына (язва) себеп болады.
● Спиртті ішімдік тұтынғандардың ми жасушаларының көбі өледі. Кейін, параличке және өлімге себеп болады.
● Маскүнем адамның жақындары арасында қадірі қалмайды, абыройын түсіретін, масқара жағдайларға тап болады.
● Маскүнем адам бар отбасыда стресс, депрессия жағдайлары жиі кездеседі.
● Отбасы ішіндегі ұрыс-керістер, қол жұмсау, ажырасулардың көпшілігі арақтың кесірінен болуда.
● Бет және теріде тері аурулары пайда болады. Маскүнемдердің балалары көбінесе ақымақ, ұстамалы ауру, маскүнем... болады.
Психикалық ауруы бар 1000 адамға жасалған зертеуде, 665-інің ата-аналары маскүнем болғаны анықталған. Мүгедектердің 80%-ның себебі де, маскүнем болған ата-ана.
● Арақ ішетін достардан аулақ жүру, арақ ішпейтін адамдармен араласу керек.
● Ешкім бірден маскүнем болып кетпейді, бір ұрттап көрейіннен басталады. Сондықтан арақ атаулыға үзілді кесілді жоламау керек.