Untitled Document

Сұхбат... Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ)

Әбу Бәкір Сыддық хазрет пайғамбарлардан кейінгі адамдардың ең үстемі.

Ашәра-и Мубәшшәраның, яғни жәннатпен сүйіншіленген он сахабаның біріншісі. Пайғамбарымыз алейһиссаламның қайын атасы, хазреті Айшаның әкесі. Хазреті Әбу Бәкірдің Расулуллаһ алейһиссаламға деген таңғажайып адалдығы мен сүйіспеншілігі бар еді. Қайтыс болуына пайғамбарымыздан айырылудың үлкен мұң-қайғысы, уайымы және сағынуы себеп болған. Себебі Оған деген сүйіспеншілігі мен байланысы сөздермен жеткізіп бере алмайтындай шамада көп. Пайғамбарымыз да оны қатты жақсы көретін еді.

Пайғамбарымыз қайтыс болған күні халифа болып сайланды. Халифалығы 2 жыл, 3 ай, 10 күн жалғасты. 63 жасында хижреттің 13 (григоряндық 634) жылы Жәмазиәл-ахир айының жетісінде, дүйсенбі күні ауырып, 15 күн науқас болып жатқаннан кейін қайтыс болды. Жаназа намазын хазреті Омар оқыды. Пайғамбарымыздың қабірі орналасқан Хужрә-и Саадәтте жерленді.

Пайғамбарымыздың соңғы ауруында үш күн имам міндетін атқарып, он жеті уақыт намаз оқытқан, үш уақытында пайғамбарымыз хазреті Әбу Бәкірге ұйып, оның артында намаз оқыған.

Хазреті Әбу Бәкірдің басқа мұсылмандардың ең үстемі болуының себебі – иманға келуде, мал-мүлкінің көбін және жанын пида етуде, әр түрлі қызметте басқалардың алдында болуында.

Хазреті Әбу Бәкірдің құнды насихаттары:

«Тақуалық – ақылмен орындалатын істердің ең жақсысы. Хаққа дұшпан болу – ақымақша жасалған істердің ең жаманы. Берілген аманатты сақтау ең үлкен дұрыстық саналады. Ал қиянат ретінде ең басында өтірік келеді.»

«Өлімді өзіңе жақсы көрсет. Ол қалай болса да келеді.»

«Өмірін пайдасыз, бос нәрселермен өткізген адам егістікке ұрық шашу уақытын өткізіп алған болады. Ал уақытылы ұрық екпеген адам егінді жинау уақытында өкінеді.»

«Не сөйлейтініңе және қашан сөйлейтініңе мән бер!»