Сіз білесіз бе? Күннен қорғайтын кремдер (1)
Егер күннің астында ұзақ жұрсеңіз, міндетті түрде күннен қорғайтын крем сатып алыңыз. Неге екенін түсіндірейік.
Күннен қорғайтын крем не үшін қажет? Бұл косметикалық құрал сізді зиянды UVB және UVA күн сәулелерінен қорғайды. Біріншісі теріңізді күйдірсе, екіншісі – күйдірмейді, бірақ екеуі де теріңіздің ылғалдылығын азайтып, қартайтып жібереді, сонымен қоса терінің қатерлі ісігіне себепкер болуы мүмкін.
Барлық кремдер бірдей қорғай ма? Жоқ. Кремдердің күннен қорғау деңгейі SPF факторға байлнысты, ал Sun Protection Factor 2-ден 50 дейінгі аралықта болады. SPF жоғарылаған сайын қорғаныс фльтрі де күшейе түседі. Мысалы, SPF 2 ультракүлгін сәулелердің 50 пайызына қалған болса, SPF 50 – 98 пайызын ұстап қалады.
Қайсысын таңдаймыз? Егер күн астында ұзақ жүрмесеңіз, дерматологтар SPF15 жеткілікті деп кеңес береді. Егер ұзақ уақыт күн астында жүретін болсаңыз SPF 30 және одан жоғары кремдерді пайдаланыңыз. Сонымен қатар күнге күю теріңіздің типіне де байланысты. Ақшыл адамдар жылдам күйеді, ал қараторы адамдар күнге сирек күйеді.
Бірден SPF 50 алсақ қайтеді? Жоқ, себебі күннен қорғау кремдерінің барлығы сіз ойлағандай қауіпсіз емес. Кремнің құрамына кіретін кейбір қоспалар теріні тітіркендіріп, қышытуы мүмкін. Тіпті кремнің тағы бір түрлері біздің гормоналды жүйеміздің жұмысына әсер етуі мүмкін. SPF деңгейі төмендеген сайын, ағзаға тигізетін зияны соғұрлым азая түседі.
Кремдер тек SPF бойынша ерекшелене ме? Жоқ, күннен қорғайтын кремдер құрамындағы қоспаларға байланысты химиялық және физикалық болып бөлінеді. Химиялық кремдер теріге сіңеді де, күн сәулелерін жұтып, оларды жылу энергиясына айналдырады. Ал физикалық кремдер терінің бетінде қорғаныс қабатын түзіп, ультракүлгін сәулені шағылстырады.