Сіз білесіз бе? Күннен қорғайтын кремдер (2)
Қайсысын таңдаған жөн? Химиялық кремдердің теріде ізі қалмайды, тер мен суға шыдамды. Алайда теріге зияны көбірек. Аллергия тудыруы мүмкін. Олардың қорғаныс күші теріге жаққан соң 20 минуттан кейін басталады. Егер теріңіз сезімтал болса, кремді күнге шықпай тұрып жаққаныңыз жөн. Егер шомылатын болсаңыз, химиялық кремдерді таңдағаныңыз жөн. Соны мен қатар кремнің қандай сәулелерден қорғайтынына назар аударыңыз.
Кремдер барлық типтерден бірдей қорғамай ма? Кейбір кремдер тек В типті сәулелерден қорғайды. Бұл сәулелер теріңізді күйдіріп, қарайтады. Екі түрлі сәуле де теріңізге әжімдер түсіріп, қартайтады. Сондықтан кремді баратын жердің климатына, күн сәулесінің типіне байланысты таңдаған жөн.
Суға түскенде крем сумен шайылып кетпей ме? Егер физикалық крем болса, міндетті түрде кетіп қалады. Сондықтан суға төзімді немесе water resistant белгісі бар кремдер таңдаңыз. Кремнің қорғау әсері бірнеше сағатқа ғана арналған. Кремді суға түссеңіз де, түспесеңіз де бірнеше сағат сайын жаңартып тұрыңыз.
Егер крем артылып қалса, келесі жылға қалдыруға бола ма? Кремді жарамдылық мерзімі аяқталған соң қолданудың еш мағынасы жоқ. Күннен қорғайтын кремді күн сәулесі астында қалдырмаңыз. Мүмкіндігінше салқын, қараңғы жерде сақтауға тырысыңыз, сонда келесі жылы да пайдалана аласыз.
SPF факторы бар кремді қашан және қалай жаққан дұрыс? Құрамында SPF-факторы бар барлық кремдер бет терісіне далаға шығар алдында 20-30 минут бұрын жағылады. 20 минуттан кейін кремді тағы бір мәрте қайталап жаққан абзал. Күннен қорғайтын кремді жеткілікті деңгейде жаққанда ғана қорғаныс күшіне сенуге болды. SPF кремді макияж жасау барысында соңғы этапта пайдаланған жөн. Егер сіз алдымен күннен қорғайтын тональды кремді жағып, оның бетіне ылғалдандыратын май жағатын болсаңыз, SPF күшін жойып жібересіз. Себебі, ылғалдандыратын кремнің құрамындағы су сіз суға сүңгігенде қатар еріп, қорғаныш қабілетінен айырылады. Сол үшін судан шыққаннан кейін де, күннен қорғайтын кремді қайталап жаққан дұрыс.