Untitled Document

Денсаулық... Бөдене жұмыртқасы

Биологиялық құндылығы жөнінен бө­дене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқа­ларын ба­сып­ озады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­да­ғы­дан бес есе көп, ал темір 4,5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Сондайақ олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әл­деқайда жоғары.­ Құ­рамы ос­­ын­дай аз­ық­пен жү­йелі қоректенген адамның әртүрлі ау­ру-сыр­қауға қарсы тұрар дәр­ме­ні артып, жү­рек-қан тамырлар жүйесі мен ас қорыту мү­шелерінің жұ­мысы жақсарады. Сон­дай-ақ бөдене еті мен жұ­мырт­­қалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады. Ал жұ­мыртқа құ­рамындағы лейцитин қан­дағы холесте­ринді төмен­де­теді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұ­рақ­ты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты ар­тады.

Бөдененің қалыпты дене қызуы 42 гра­дус­ болғандықтан, оның сальмонелез, құс тұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қар­сы тұру қабілеті күшті. Сол себепті оның жұмыртқасын шикідей жұту өте пай­далы. Жапония мен Қытайда бір­не­ше ғасырдан бері оның еті мен жұмырт­қа­сын­ халық медицинасында пайдаланып келе­ді. Тіпті Жапонияда мектеп оқушысының таңер­тең­­гі ас мәзіріне бө­де­­ненің екі жұмыртқасы мін­детті түрде енгі­зіледі екен. Бұл балаларды­ бөртпе мен диа­тезден құт­қарады. Сондай-ақ баланың ой­лау­ қа­бі­летін арттырады.