Untitled Document

Денсаулық... Үй жағдайында арықтау

Тренажер залына баруға, үнемі спортпен айналысуға, диетаға отыруға бәрінің жағдайы және уақыты бола бермейді. Үй жағдайында да арықтауға болады.

Режим және дұрыс тамақтану. Ең бастысы дұрыс режим қою. Әр нәрсені өз уақытында істеңіз, тамақты да белгілеген уақытыңызда ғана ішіңіз. Күніне 15 минутты жаттығу жасауға бөліңіз. Қарапайым жаттығуларды әдетке айналдырыңыз.

Шеңбер (обруч) және скакалка. Күніне 10 минуттан шеңбер айналдырсаңыз нәтижесін бір аптада көре бастайсыз. Теледидар қарап тұрып та айналдыруға болады. 30 рет скакалкамен секіру де пайдалы.

Ыдыс өзгерту. Тамақ ішіп жүрген ыдысыңызды өзгертіңіз. Бұрынғыдан кішірек ыдыспен тамақ ішіңіз, сәйкесінше бұрынғыдан аз тамақ іше бастайсыз.

Күнделік. Арнайы күнделік бастаңыз. Нәтижелеріңізді есептеп жазып жүріңіз. Күнде қай жаттығуларды орындағаныңызды немесе орындамағаныңызды жазыңыз.

Кремдер. Түрлі арықтатқыш скраб және кремдер бар. Соларды таңертең және ұйқы алдында қажет жерлеріңізге жағыңыз.

Үй жұмыстарын қолдану. Үйдегі күнделікті жұмыстарды жаттығу қылып қолдануға болады. Үйден шығарда баспалдақпен түсіңіз, егер сөмкеңіз ауыр болмаса үйге келерде жоғарыға да баспалдақпен көтеріңіліңіз.

Кей тамақтардан бас тарту. Арықтау үшін кей тамақтардан бас тарту керек. Нан, ұн тағамдары, картоп, макарондарды ұмытыңыз. Көкөніс, жеміс, сүт, жаңа ет идеал азықтар. Майонез, сыр, шұжық, майлардан қашыңыз.

Таңертең душқа түсіңіз. Жатар алдында ванна қабылдаңыз, су массажын жасаңыз.