Сұхбат... Мазһабсыз ғалым болмайды
Сұрақ: Мазһабсыз бір кісі: «Мені адамдар Мазһабсыз деп жатқан болса да, мен бүкіл мазһабтарды қабылдаймын. Бірақ өзімді бір мазһабтың есімімен атамаймын. Мен мазһабқа ұймаймын, бір мазһаб бойынша жүрмеймін, өзім тексерген, дұрыс дәлелдерге еремін. Әбу Ханифа «Дәлелімді білмегеннің мазһабыма ұюы халал болмайды» дегені үшін алдымен тексеремін, дәлеліне қараймын, дұрыс болса ұямын, болмаса ұймаймын» дейді. Осылай айтатындар мазһабсыздар ма?
Жауап: Иә мазһабсыздар. Мазһабқа ұймастан, «Мазһабтың дәлелін тексеріп, дұрыс болса ғана ұямын» дейтіндерді және бидғатты хақ қылып көрсететіндерді супер мазһабсыз десе орынды болар. «Өзімді мазһабтың есімімен атамаймын» деулері өте қате. Өйткені, қияметте әр мүмин өз мазһабының атымен шақырылады. «Ол күні әр топты имамдарымен шақырамыз» деген Исра сүресінің 71 аятын Қазы Бәйзауи «Әр үмметті пайғамбарларымен және дінде ұйған имамдарымен шақырамыз» деп тәпсірлеген.
«Рух-ул-баян» және «Тәфсир-и Хусейни» кітаптарында: «Әркім өз мазһабының имамдарымен, «Йа Шафии» немесе «Йа Ханафи» деп шақырылады» делінген.
Бүкіл Ислам ғұламалары өздерінің қай мазһабта екендігін білдірген. Мысалы, Рәмли есімді екі ғалым бар. Біріне Рамли Ханафи, екіншісіне Рамли Шафии делінеді. Мен мазһабыммен танылғым келмейді деген Әһли Сүннет ғалымы бар ма?!
Хазіреті имам Ағзам: «Кітапқа, сүннетке және сахабалардың сөзіндеріне сай келмейтін бір сөзімді табатын болсаңдар, менің сөзімді тастап, сол тапқан сөздеріңді алыңдар» деген, бірақ бұл сөзін өз шәкірттері арасындағы Имам Әбу Юсуф, Имам Мұхаммед сияқты мүжтәһид ғалымдарға айтқан. Мүжтәһидтің басқа бір мүжтәһидті тақлид етуі онсыз да жаиз емес. Әлде бұл мазһабсыз өзін мүжтәһид деп санай ма?! Ислам ғұламалары хижри 400 жылдардан кейін мутлақ мүжтаһид мүлдем жетілмегенін айтқан. Хазреті Юсуф Набхани: «Бүгін өзін мүжтәһидпін дейтіндердің не ақылы немесе діні нұқсан» деген.