Сұхбат... Жұма намазының парыздары
Жұма күнi он алты рәкат намаз оқылады. Бұлардың iшiнде 2 рәкаты парыз. Жұма бесiн намазынан да қуатты парыз. Жұма намазы парыз болуы үшiн мына екi шарт қажет:
1) Ада шарттары (өтелетiн шарттар).
2) Вужуб шарттары (керек болған шарттар).
Ада шарттарының бiрi кем болып немесе орындалмаса, намаз қабыл болмайды. Ал вужуб шарттары жоқ болса, намаздың қабыл болуына кедергi болмайды.
Ада, яғни жұма намазының сахих болуы үшiн 7 шарт бар:
1) Намазды қалада оқу.
2) Үкімет басшысының немесе әкiмнiң рұқсатымен оқу. Бұлар тағайындаған имам-хатип өз орнына басқасын өкіл ете алады.
3) Жұманы бесiн намазының уақытында оқу.
4) Уақыттың ішінде хутба оқу. (Ғалымдар жұма хутбасын оқу, намазға тұрарда Аллаһу әкбар деп айтумен бiрдей деген.)
Екi хутбаны да тек арапша оқу керек. Имам iшiнен аъузуды айтып, кейiн дауыстап хамд уә сәна және кәлимаи шаһадат салауат оқиды. Кейiннен сауапқа, азапқа себеп болатын нәрселердi ескертеді және Құран Кәрiм оқиды. Кейін отырып тұрады. Бұл отыруда еш қандай артық әрекет жасалмайды. Тіпті дұға үшін қол да жайылмайды. Екiншi хутба оқып, уағызда мұсылмандарға дұға етедi. Хутбада төрт халифаның атын атап өту мустаһаб. Хутбада дүние iстерiне байланысты сөздер, хабарландырулар айту харам. Хутбаны қысқа оқу сүннет, ұзын оқу мәкрух болады.
5) Хутбаны намаздан бұрын оқу.
6) Жұма намазын жамағатпен оқу.
7) Мешiт есiктері баршаға ашық болу керек.