Untitled Document

Сұхбат... Бұл үмметтің үстемдіктері

  • Аллаһу та’ала бұл үмметке жалпыға бірдей жұт-бәле жібермейді.
  • Рамазан айы және Қадір түні осы үмметке берілді.
  • Бұл үммет дұшпан тарапынан, бәрі бірден жойылып кетпейді.
  • Сәрелік ас тек қана осы үмметке берілді.
  • Әр пайғамбар үмметі үшін  бір дұға еткен және қабыл болған. Пайғамбарымыз бұл дұғасын үмметіне шапағат үшін ахиретке қалдырған.
  • Әр жүз жылда бір мүжәддид келеді.
  • Мұсылмандардың дәрет алған мүшелері ахиретте нұрлы болады.
  • Жәннатқа алғашқы болып осы үммет кіреді.
  • Жәннаттықтардың басым бөлігі осы үмметтен болады.
  • Жәннатқа ең бірінші біздің пайғамбарымыз кіреді.
  • Бұл үммет қателікте ешқашан ауызбірлігіне бармайды.

Ешкімді айыптама

      Әулиелерден Мұхаммед Зухди хазрет бір күні шәкірттерінің біріне:

- Балам, мұсылмандардан ешкімді құсыр-кемшілігіне байланысты айыптама,- дейді. Шәкірт:

- Ұстаз, бірақ кейде өте өрескел нәрселерге куә болудамыз, айыптамау мүмкін еместей болады.

- Сонда да ешкімді айыптама.

- Не үшін, мұның хикметі неде?

- Өйткені, кімде кім бір мұсылманды тәубе еткен құсырымен айыптаса, ол адам дәл осы құсырды істемейінше өлмейді. Қатты айыптағың келіп тұрса, өзіңді айыпта. Өз кемшіліктеріңді көр. Өзіңді жаманда. Айнаға қарап өзіңнен ұял. Өзгемен емес, өзіңмен шұғылдан,- деді.