Untitled Document

Сіз білесіз бе? Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кереметтері (2)

Үлкен баласы Шарапиденге жалтақтап қараумен болдық. Ол кісі де сабыр сақтап, ара-тұра әкесіне көз тастап қана қояды. Бізді таңқалдырған жай осындай қарбалас сәтте Мәшекеңнің үлкен көк құран кітабын алдына жайып қойып, аса бір салмақтылықпен дұға оқып отыруы болды. Бір сәт тілдей қағазға арабша қысқаша дұға жазып маған:

– Менің тор атыма жайдақ мін де, мына дұғаны анау қаулап өрт беттеп келе жатқан Қаратөбенің деңгейіне апарып жеткіз. Бірақ, тастаған жеріңді ұмытпайтын бол, – деп қысқа қайырды да ұзақ намаз оқуға кірісіп кетті.
Алыстау болса да, өрт қызуы бетке соғып тұр. Торы ат жиі пысқырынып, екі құлағын жиі қайшылап жүріп келеді. Екі түп тобылғының арасын белгілеп, дұғаны ат үстінен жерге тастап, кейін қайттым. Бір кез аспаннан оймақтай қара бұлт ойнап шыға келді де нөсер жаңбыр құйып өтті. Өрт су сепкендей басылды. Іле дұға жазылған қағазды алып кел деп жібергенде, мен одан да бетер таң қалдым. Өрт қағазды айналып өткен, бірақ сол жерден көп ұзамай сөнген еді. Бәрі де «Мәшекеңнің ауылы үстін қалың өрт жайлап өтті» деп үрейленіпті, – деп сөзін аяқтаған еді.

Ұят – иманның негізінен

Аллаһу та'аладан ұялу иманның күшті екенінің, ал ұятсыздық иманның әлсіз екенінің белгісі. Ұятсыз адамның күпірге түсуі оңай болады. Хадис шәрифте «Ұяттың аздығы – күпір» делінген. (Хаким)

Ұятсыз адам уақыт өте күпірге дейін түсе алады. Ұят – иманның негізінен. Хадис шәрифте айтылғанындай:

«Ұят, ар-намыс, тілге ие болу және ақыл иманнан. Ал сараңдық, фухуш, жаман сөз айту ұятсыздықтан және екі жүзділіктен». (Бәйһақи)

«Фахиш (ұятсыз) және жаман сөздерден қатты сақтаныңдар!» (Нәсаи)

«Мүмин айыптамайды, лағнет етпейді (қарғамайды), фахиш сөз сөйлемейді». (Тирмизи)