Сұхбат... Палшылық-сиқыршылық-спиритизм
Көріпкелдік: жынменен дос болып, одан сұрап білу және бұларды басқаларға айту деген сөз. Жын арқылы пал ашу және жұлдызнамаға қарап сұрағандарына жауап алу да осыған жатады. Бұларға және сиқыршыларға барып айтқандарына сену, айтқандары кейде дұрыс шықса да, Аллаһтан басқаның барлық нәрсені білетініне және қалаған нәрсесін істей алатынына сену күпір болады.
Ибни Абидин хазірет былай деп бұйырған:
«Сиқыр (дуалау): ғылымға сәйкес келмейтін, жасырын себептер қолданып, әдеттен тыс нәрселерді жасауды қамтамасыз ететін ілім. Сиқырды үйрену және үйрету харам.»
Имам Раббани хазірет былай деген:
«Сиқыр жасау күпірге ең жақын болған, ең үлкен күнә.»
Хадис шәрифтерде былай бұйырылған:
«Мұсылман сиқыр жасамайды. Аллаһ сақтасын иманы кеткеннен кейін сиқыр әсер етуі мүмкін».
«Палшыға, сиқыршыға, көріпкелге барып олардың айтқандарына сенген Құран кәрімге сенбеген болады».
«Ғайыптан хабар беру мақсатымен жұлдыз ілімімен айналысқан адам, сиқыршы секілді күнәға кіреді».
«Әйелімен күйеуін бір-біріне шақыстырған Аллаһтың лағынетіне ұшырайды».
«Анамен баланың, бауырмен бауырдың арасына суытқанға лағынет болсын!»
Сиқырдың әсер етуі анық емес. Дәрінің әсер етуі секілді. Аллаһу та’ала қаласа әсерін жаратады. Сиқыр әйелдерге және балаларға көбірек әсер етеді.