Untitled Document

Сұхбат ... Рахмет періштелері

Сұрақ: Көрініп тұрған адамның суреті, жануардың суреті, жүніп адам, сазды аспаптар және ит болған бөлмеге рахмет періштелері кірмейді деп айтылған. Ал рахмет періштелері кірмесе, бізге келер бір зияны бар ма?

Жауап: Періште кірмеген жерге шайтан кіреді. Періштелер күнәсіз, пәк болғаны үшін дұғалары қабыл болады. Рахмет періштелері кірмесе олардың дұғаларынан махрұм қалған боламыз. Хадистерде былай деп бұйырылған:

«Сірке суын қосып тамақтанған адамдарға екі періште тамақ біткенге дейін дұға етеді.» (Ибни Асакир)

«Періштелер сәреге тұрған адамға дұға етеді.» (Имам Ахмед)

«Дін бауырының бір жұмысын істеген адамға мыңдаған періштелер дұға етеді.» (Ибни Мажа)

«Періштелер, адамдарға жақсылық үйреткен адамға дұға етеді.» (Тирмизи)

«Жатарда дәретпен жатқан адамға, сол түні бір періште таңға дейін, «Я Раббым, бұны кешір» деп дұға етеді.»  (Хаким)

«Дастархан басында қонақ барда періштелер үй иесіне дұға етеді.» (Табарани)

Олай болса, рахмет періштелерінің жасайтын бұл дұғаларынан құр қалмау үшін періштелердің кіруіне кедергі болатын нәрселерден ұзақ болуға тырысу керек.

Ислам ғалымдарының сөздері

1. Адамдарға рахмет айтпаған Аллаһу та’алаға шүкір етпеген болады.

2. Жетістікке жетудің, табысты болудың шарты қарапайым, кішіпейілді болу.

3. Хараммен азықтанған денені тозақ оты жағады.

4. Мұсылман – қолынан және тілінен ешкімге зияны тимейтін адам.

5. Бұл заман – адамдарға мейірімді болу уақыты, ашуланатын уақыт емес.

6. Қарсыңдағы кәпір де болса өзіңді одан үстем көрме! Өйткені ертең не болатыны белгісіз. Маңызды болғаны соңы.

7. Мұсылманға тәкаппарлық, мақтаншақтық жараспайды.

Сырат көпірінде алты нәрседен сұралады; иман, намаз, қажылық, зекет, ғұсыл және құл ақылары.