Untitled Document

Сұхбат... Көп истиғфар ету керек

Истиғфар - Аллаhтан кемшіліктердің, күнәлардың кешірілуін сұрау, ғафу, кешірім тілеу, тәубе ету деген сөз. 

Риядун-Насихин кітабында былай делінген: Тәубе мен истиғфар – көңіл (жүрек), тіл және күнә жасаған мүшелермен бірге жасалуы тиіс. Көңіл (жүрек) іштей өкінуі, қынжылуы керек, тіл дұға ету, жалбарыну, кешірім тілеу керек, ал мүше күнәдан тыйылу керек. Көптеген Аяти кәрималарда: «Мені көп зікір етіңдер!» және Иза жа-ә сүресінде: «Маған истиғфар етіңдер! Дұғаларыңды қабыл етемін, Күнәларыңды кешіремін!» делінген.

Көрініп тұрғандай, Аллаһу та’ала, көп тәубе етуді, истиғфар жасауды әмір етеді. Сондықтан Мұхаммед Масум хазрет 2 - том, 80 - хатында былай деген: «Осы әмірге мойынсұнып, әр намаздан кейін 70 рет истиғфар айтамын. Яғни 70 рет «Әстағфируллаһ» деймін. Сендер де осыны көп оқыңдар! Әр бірін айтқанда «Аллаһым мені кешіре гөр!» деген мағынасын ойлау керек. Оқығанды және жанындағыларды бәле-жаладан, қиыншылықтардан, аурулардан құтқарады. Көп адам оқыды. Әрдайым пайдасын көрді».

Тігіншінің тәубесі

Бір тігінші Аллаһ достарының бірінен:

- Пайғамбарымыздың «Аллаһу та’ала күнәһар құлының тәубесін жаны алқымына келгенге дейін қабыл етеді» деген хадис шәрифі туралы не айтасыз?- деп сұрайды. Ол жауап бермей тұрып одан сұрайды:

- Сенің мамандығың не?

- Тігіншімін, киім тігемін.

- Тігіншілікте ең оңай нәрсе не?

- Қайшымен матаны қырқу.

- Қанша жылдан бері бұл іспен айналысасың?

- Отыз жылдан бері.

- Жаның алқымыңа келген кезде матаны кесе аласың ба?

- Жоқ әрине, кесе алмаймын!

- Біраз қиналып, үйреніп және отыз жыл бойы қиналмай істеген ісіңді сол кезде істей алмасаң, өміріңде еш жасап көрмеген тәубені ол кезде қалай жасамақсың? Бүгін күш-жірегің қолыңда тұрған кезде тәубе ет, кейін ол кезде тәубе ете алмауың мүмкін,- дейді. Тігінші осы сөздерден кейін дереу тәубе етті. Салих құлдардан болды.