Untitled Document

Қызықты мәлімет... Жоғалған қалалар (1)

Тикаль, Гватемала. Тикаль – майя үндістерінің ең ірі қала-мемлекеттерінің бірі. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 7 ғасырда салынған және оның гүлденген кезінде оның халқы 200 мың адамға жеткен. Тикаль тарихы драмалық сәттерге толы болды және көптеген соғыстар мен көтерілістерден кейін 10 ғасырдың аяғында адамдар бұл қаланы  тастап кетті. Тикаль елес қала болып саналады.

Ктесифон, Ирак. 2-7 ғасырлар аралығында Ктесифон алдымен Парфия патшалығының, содан кейін Сасанид патшалығының астанасы болды. Ктесифонның бүгінгі күнге дейін сақталған кірпіш ғимараттары өздерінің әсемдігімен және көлемімен таң қалдырады.

Мохенджо-Даро, Пәкістан. Үнді өркениетіне жататын Мохенджо-Даро деген күңгірт аты бар қала («Өлілер төбесі» деп аударылады) қазіргі Пәкістан аумағындағы Үнді алқабында төрт жарым мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болды. Ондағы пирамидалар Египет пирамидаларымен замандас және Оңтүстік Азиядағы алғашқы қалалардың бірі. Қала мың жылға жуық гүлденді, бірақ ақырында оның тұрғындары оны тастап кетті. Археологтар бұған арийлер шапқыншылығы себеп болған деп болжайды.

Багерхат, Бангладеш. Ганг пен Брахмапутра өзендерінің сағасында орналасқан бұл қала 15 ғасырда салынған. Оның гүлденген кезінде мұнда 360 мешіт болған. Бірақ негізін қалаушы қайтыс болғаннан кейін, Багерхат ыдырап, ол Джунглидың қойнауына енген. Бүгінде қаланың бір бөлігі тазартылып, мұнда туристер үшін экскурсиялар өткізілуде.

Виджаянагар, Үндістан.  Виджаянагар бір кездері Үнді субконтинентінің бүкіл оңтүстігін алып жатқан қуатты империяның астанасы болған. Бүгінгі күні Жеңіс қаласының орнында (Виджаянагар атауы осылай аударылады) Хампи ауылы орналасқан. Рас, бүгінде мұнда керемет қирандылардан басқа, көптеген белсенді индуизм храмдары бар, соның ішінде Виджаянагарадан да ескі атақты Пампапати храмы.